Əбіш Кекілбаевтің «Абылай хан» шығармасындағы авторлық ұстаным
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада Əбіш Кекілбаевтің «Абылай хан» драмасындағы драматизм табиғаты Абылай образы
арқылы құрастырылды. Талдау негізінде драмадағы тартыс табиғатының заңдылықтары сараланды.
Ол сезім мен сана, ерік пен елігу, құштарлық пен парыз, тақ пен ар арасында өрбіген Абылайдың ішкі
драмалық тартысынан көрінген. Тарихи тұлғаның ішкі драмасы осылайша табиғи көрініс тапқан.
Қоғамда болып жатқан аумалы-төкпелі құбылыстардың күрт өзгеруімен қатар, қоғамда болып жатқан
оқиғалардың алма кезек ауысуынан Абылай мен Шарыш арасындағы сайыстан, Абылай мен Топыш,
Абылай мен Əмір Сана арасындағы қатынастардан сыртқы тартыс үдей түскен. Тұрақтылық пен
өзгермелік арасындағы сапалық өзгерістердің драма табиғатына əсері қадағаланған. Хандық, елдік
принциптерін бірінші орынға қойған хан образының жасалу ерекшелігіне көңіл аударылған.
Description
Keywords
Citation
Төлеубаева К.А. Əбіш Кекілбаевтің «Абылай хан» шығармасындағы авторлық ұстаным /К.А. Төлеубаева, Н.Р. Аккулова// Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология.=Bulletin of the Karaganda University. Philology series.-2019.-№3.С.70-74