Тиімділік аудиті мемлекеттік бюджеттік бақылауды өткізудің маңызды əдістерінің бірі ретінде
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай, елімізде жақында ғана енгізілген қаржылық бақылау жəне
мемлекеттік аудит жүйесі əрбір елде өз ерекшеліктері бар. Қазақстанда қаржылық бақылау мен
мемлекеттік аудит мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігі жəне бюджет қаражатын басқару мен
пайдаланудың тиімділігін бақылау құралы болып табылады, қаржылық есептілік, сəйкестік жəне
тиімділік аудиттерін қамтиды. Авторлар мемлекеттік бюджеттік бақылауды жүргізудің маңызды əдісі
ретінде мемлекеттік аудит құрылымындағы тиімділік аудиті мəселелерін ашты. Тақырыптың
өзектілігі біздің елімізде бюджетті жоспарлау жəне бюджетті атқару сияқты мəселелер əлі күнге дейін
басты назарда қалатынына байланысты. Бұл тұрғыда функцияларына бюджет ақшасын алушылардың
қаржылық тəртібін қамтамасыз ету кіретін қаржылық бақылау жəне мемлекеттік аудит органдарының
мəні артады. Мақалада қаржы бақылау жəне мемлекеттік аудит органдарының есеп беру деректеріне
талдау жүргізді, ол бюджетке қайтарылған жəне қалпына келтірілген қаражат сомасының ұлғаю үрдісі
бар екенін көрсетті. Алайда назар аударуды талап ететін проблемалар да бар. Авторлардың пікірінше,
мемлекеттік аудит органдарының кадрларын əдістемелік қамтамасыз ету жəне дайындау бойынша
жұмысты күшейту қажет.
Description
Citation
Нажмиденов Б.Т. Тиімділік аудиті мемлекеттік бюджеттік бақылауды өткізудің маңызды əдістерінің бірі ретінде/Б.Т. Нажмиденов [et al]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика. -2019. №3. 255-262 б.