Тарихи жады педагогикасы оқушылардың коммуникативтік мəдениетін қалыптастырушы шарт ретінде
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Мақалада əлеуметтік-гуманитарлық ілімдер шеңберінде тарихи сананы қалыптастырушы заманауи
педагогикалық көзқарастар қарастырылған. Авторлар аталмыш құбылысты ашатын отандық жəне
шетелдік ғылыми əдебиеттерде қолданылатын «тарихи жады педагогикасы», «музей педагогикасы»,
«еске алу педагогикасы», «тарих дидактикасы», «тарихты оқыту əдістемесіне» басты назар аударды.
Музей педагогикасы, тарих дидактикасы, коммеморативті педагогика тарихи сананы қалыптастыру
педагогикасының басты бөлшектері болып табылады. Мақалада аталған түсініктердің өзара
диалектикалық бірлігіне акцент жасалынған. Авторлар тарихи жады педагогикасы мен тарихи сананы
қалыптастырушы көздерді қарастыру тенденциясын, сонымен бірге өткен күндер жөнінде
тарихнамалық жəне педагогикалық зерттеу жүргізудің перспективалық бағыттарын қарастырды.
Саяси үдеріс, көпшіліктің тарихи санасы жəне тарих курсының мазмұны мен дидактикасының
арасындағы байланыс пен сипатты қарастыратын тарихи білім тұжырымы ұсынылды. Авторлар
қарастырылатын мəселенің толыққандылығын көрсетуге тырыспайды.
Description
Citation
Калкеева Қ.Р. Тарихи жады педагогикасы оқушылардың коммуникативтік мəдениетін қалыптастырушы шарт ретінде/Қ.Р. Калкеева, М.Т. Құдагелдин, Н.А. Каргапольцева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2019. №4. 70-77 б.