Қазіргі жағдайдағы бөлшек электрондық сауданың рөлі мен маңызы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ басп.

Abstract

Мақалада компанияларға ішкі операцияларды тиімді жəне икемді жүзеге асыруға, жеткізушілермен тығыз өзара іс-қимыл жасауына жəне географиялық орналасуына қарамастан, тапсырыс берушілердің сұрауларына жылдам əрекет етуге мүмкіндік беретін электрондық сауданың рөлі, сондай-ақ өз тауарлары мен қызметтерін жаһандық нарыққа шығару мүмкіндігі қарастырылған. Автор электрондық сауданы дамыту мəселелерін анықтаған: кейбір тұтынушылардың сенімсіздігі; салықтық ынталандыру; құқықтық қамтамасыз ету; баға қалыптастыру; дамымаған инфрақұрылым. Мақалада Интернет-сатып алушылар сапасының негізгі көрсеткіштері ретінде орташа онлайн-шығыстар мен жасалатын сатып алу жиілігі болып табылатыны көрсетілген. Автор бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінен Қазақстан Республикасының барлық бөлшек электрондық саудасының үлесін есептеген, сондай-ақ электрондық саудасы əлемдік сауда мен жалпы экономиканың дамуына елеулі əсер ететін елдерді анықтаған. Мақалада бөлшек электронды сауданы одан əрі дамытудың мынадай сипатты ерекшеліктері келтірілген: шығындарды қысқартуға жəне тауарларды өткізудің əлеуетті нарығын кеңейтуге ықпал етеді; тапсырыстарды өңдеуге, тұтынушыларға жеткізуге жəне сервистік қызмет көрсету деңгейіне байланысты өнім түрі мен шығындарға тəуелді; қазіргі заманғы жəне тұрақты туындайтын жаңа Интернет-технологияларды пайдалануға байланысты; сатып алушылар, олардың орналасқан жеріне қарамастан, бүкіл Жер шарынан тартылады.

Description

Citation

Төлеуұлы, А. Қазіргі жағдайдағы бөлшек электрондық сауданың рөлі мен маңызы / А. Төлеуұлы // Қарағанды универисетінің хабаршысы. Экономика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика.=Bulletin of the Karaganda University. Economy series. – 2019. - № 1. – 249-255 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By