Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттердің өнеркəсіп салаларын цифрлық трансформациялау жəне олардың бəсекеге қабілеттілігін жоғарылату
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Болашақта цифрландырудың деңгейі экономиканың жəне оның өнеркəсіп салаларының тиімді дамуының негізгі анықтаушы факторы жəне олардың əлемдік нарықтағы бəсекеге қабілеттілігінің артықшылығы болады. Əлемдік нарықтағы негізгі ойыншылар экономиканың барлық секторларында цифрлық құралдарды қарқынды түрде енгізуде. Цифрлық экономиканы енгізу бизнес-процестердің тиімділігін жоғарылатуға, шығындарды азайтуға, активтердің табыстылығын арттырып, инвестициялардың пайдасын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мақалада Қазақстан Республикасының экономикасына цифрландыруды енгізу бойынша қадамдары мен үрдісіне талдау жасалды. 2017 ж. «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша 5 бағытты жүзеге асыру жəне оның Еуразиялық экономикалық одақтың цифрландыру бойынша бағдарламасымен сəйкестігі жəне біркелкілігі салыстырылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттерімен «Еуразиялық цифрлық күн тəртібі» цифрландыру бойынша бағдарламасымен іс-шараларды енгізу талданып, қарастырылды. Қазақстан экономикасын цифрландырудың қазіргі орташа деңгейі бүгінгі күні кедергі болмайды, бірақ дамуға сапалы серпіліс жасауға мүмкіндік болып, елімізді əлемдік аренада бірінші орынға шығаруға септеседі. Цифрландыру Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттердің өнеркəсіптік флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша ықпал етеді, еңбек өнімділігінің ауқымды жəне ұзақмерзімді өсуіне жағдай жасайды.
Description
Citation
Жартай, Ж.М. Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттердің өнеркəсіп салаларын цифрлық трансформациялау жəне олардың бəсекеге қабілеттілігін жоғарылату / Ж.М. Жартай, Б.С. Есенгельдин, Л. Тылл // Қарағанды универисетінің хабаршысы. Экономика сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика.=Bulletin of the Karaganda University. Economy series. – 2019. - № 1. – 22-30 б.