Махамбет поэзиясындағы сөздердің стильдік-мағыналық қолданысы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ басп.

Abstract

Мақалада белгілі ғалым Қ. Өмірəлиевтің «XV–XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі», «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі» атты еңбектері қазақ əдебиетінің ірі өкілдері Бұқар, Дулат шығармаларымен қатар, күрескер ақын Махамбет поэзиясының тілін, жанрын, стилін жан-жақты зерттеп, ғылыми негізде талдап көрсетуге арналған еңбек екені жан-жақты дəлелденіп, жүйелі түрде берілген. Автор Махамбет поэзиясын өзіне дейінгі дəуірдегі поэзия үлгілерімен салыстыра келе, ақын шығармаларында ауыз əдебиетінің ықпал-əсері аз болмағанын атап көрсетті. Əсіресе ақынның «Соғыс», «Мінкен ер» өлеңдерінің эпостық жыр үлгісіне өте жақын келетініне ерекше назар аударады. Ақын өлендерінде жиі кездесетін жер-су атауларының тек географиялық ұғым ретінде ғана емес, ел қонысы, халық мекені ретінде алынғандығы айтылады. Автор Махамбет поэзиясында кездесетін араб, парсы сөздеріне қатысты өз ойын дəлелдеп көрсеткен. Сондай-ақ ақын поэзиясында стильдік-тілдік тəсіл ретінде жұмсалатын формалар жүйесі жан-жақты талданған.

Description

Citation

Шортанбаев, Ш.А. Махамбет поэзиясындағы сөздердің стильдік-мағыналық қолданысы / Ш.А. Шортанбаев // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. – 2015. – № 2. – 22-26 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By