Азаматтық құқықтағы көліктік міндеттемелердің жіктелуі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Зерттеу жұмысының мақсаты азаматтық құқық бойынша көліктік міндеттемелердің жіктелуіне талдау
жүргізе отырып, соның негізінде көліктік міндеттемелердің жекелеген түрлерін айқындау болып
табылады. Аталмыш мақсатқа жету үшін көлікті қызмет көрсету туралы азаматтық-құқықтық
шарттардың əр түрінің құқықтық табиғатын зерттеу міндеті алдыға қойылды. Көліктік шарттардың
мəні мен құқықтық табиғаты көліктің əртүрлі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін
заңнамалық нормаларға құқықтық талдау жүргізу жолымен ашылады. Бұл зерттеудің теоретикалық
негізі ретінде көліктік шарттардың ұғымы мен түрлеріне, көліктік міндеттемелердің құқықтық
реттелуіне арналған ғалым-цивилисттердің ғылыми зерттеулері болады. Мақалада көліктік
міндеттемелердің, соның ішінде тасымалдау шартының жіктелуі секілді мəселелер қамтылады,
көліктік шарттың əрқайсысының құқықтық табиғатына талдау жүргізіледі, сондай-ақ көліктік
қызметпен байланысты өтеулі қызмет көрсетулер туралы басқа да шарттардан туындайтын
міндеттемелердің (мəселен, лоцмандық қызмет көрсету туралы шарт, құтқару туралы шарт,
авиациялық жұмыстарды орындау шарты, теңіз агенттігі шарты т.б.) жеке тобын бөліп қарастыру
мəселесі талқыға салынады. Ғылыми жаңалығы көліктік міндеттемелердің жекелеген түрлерін
құқықтық реттеуге зерттеу жүргізу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жетілдіруге
бағытталған ұсыныстар əзірлеу болып табылады.
Description
Citation
Құмарова Ұ.Қ. Азаматтық құқықтағы көліктік міндеттемелердің жіктелуі/Ұ.Қ. Құмарова, Г.А. Ілиясова//Қарағанды универисетінің хабаршысы. Заң Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Право.=Bulletin of the Karaganda University. Law Series.-2019.-№1(93).-Б. 114-123.