Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі тағамдық жəне пайдалы өсімдіктердің таралу ерекшеліктері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ баспасы

Abstract

Мақалада Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі тағамдық жəне пайдалы өсімдіктердің таралу ерекшеліктері қарастырылған. Автор жотадағы анағұрлым кең таралған жəне өсімдік түрлеріне бай тұқымдастар тоқталған: Asteraceae, Poaceae, Fabaceae, Brassicaeae, Rosaceae, Caryophyllaceae, Lamiaceae, Ranunculaceae, Scrophulariaceae, Apiaceae, Boraginaceae, Chenopodiceae, Liliaceae, Polygonaceae, Berberidaceae, Iridaceae. Түр санына бай туыстар анықталған, олар: Astragalus, Carex, Artemisia. Жотадағы массивтері анағұрлым ірі көлемде кездесетін тағамдық өсімдіктердің басқа да пайдалы түрлеріне талдау жасалған. Азықтық өсімдіктердің басым бөлігін Fabaceae тұқымдасының төмендегідей туыстары құрайды: Medicago, Melilotus, Trifolium, Vicia. Азықтық өсімдіктердің ішінде Asteraceae, Apiaceae жəне тағы басқа тұқымдастар кең таралған. Жотада, жеміс-жидекті өсімдіктерден басқа, тамыры, жапырағы, сабағы жəне тұқымы жеуге жарамды бұталы жəне шөптесін өсімдік түрлері кездеседі, олар: Polygonum coriarium Grig., Rheum wittrockii Lundstr. Жоңғар Алатауында дəрілік өсімдіктердің 110 түрі кездеседі. Жота аумағында кездесетін Brassicaceae, Rosaceae, Fabaceae, Lamiaceae тұқымдастырының барлық түрі бал беретін өсімдіктер, олар: Salix kirilowiana Stchegl., Malus, Rosa plathiacantha, Hedysarum songoricum Bong., Polygonum, Lathyrus. Техникалық өсімдіктердің басым бөлігі ортатаулы аймақтарда кең таралған

Description

Citation

Сапарбаева, Н.А. Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі тағамдық жəне пайдалы өсімдіктердің таралу ерекшеліктері/Н.А. Сапарбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География = Bulletin of the Karaganda University. BIOLOGY. MEDICINE. GEOGRAPHY Series. - 2019. №1. С.52-56

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By