Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың семантикалық саралау қызметі: мөлшер жəне көлем категориясы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы

Abstract

Мақала қазақ жəне жалпы түркі тілдеріндегі дыбыс символизмі құбылысының «кіші-үлкен» жəне «жалғыз-көп» бинарлы ұғымдарын қалыптастырудағы рөлін талдауға арналған. Дəстүрлі лингвисти- када тілдік таңбаның уəжсіздігі негізгі қағида ретінде қабылданғанымен, соңғы онжылдықтардағы психолингвистикалық, типологиялық жəне эксперименталды зерттеулер дыбыс пен мағына арасында табиғи, жүйелі байланыстар бар екенін дəлелдеп отыр. Осы тұрғыдан алғанда, дыбыс символизмі — адамның кеңістік, көлем, күш, мөлшер секілді базалық танымдық категорияларын тілде бейнелеудің көне механизмі ретінде қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты — қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың артикуляциялық жəне акустикалық ерекшеліктері арқылы «кіші-үлкен» жəне «жалғыз- көп» ұғымдарының қалай сараланатынын айқындау, сондай-ақ бұл құбылыстың мифологиялық жəне ертегілік дискурстағы көрінісін көрсету. Зерттеу барысында сипаттамалы, салыстырмалы-тарихи, типологиялық, семантикалық жəне дискурстық талдау əдістері қолданылды. Материал ретінде қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер, мөлшерлік мағына беретін лексемалар, сондай-ақ қырғыз, өзбек, якут, түрік, хакас, түрікмен тілдеріндегі параллель формалар пайдаланылды. Сонымен қатар қазақ жəне басқа түркі халықтарының ертегілерінен алынған кейіпкер аттары (мысалы, Тоңқылдақ — Шіңкілдек, таз — жеті ағайынды, қу — қырық көпес) талдауға енгізілді. Талдау нəтижелері төменгі тонды, жуан дауыстылардың (мысалы, «а», «о») «үлкен», «көп», ұғымдарымен, ал жоғары тонды, жіңішке, қысаң дауыстылардың (мысалы, «і», «ы») «кішкентай», «жалғыз», «əлсіз» мағыналарымен жүйелі түрде ас- социацияланатынын көрсетті. Бұл заңдылық еліктеуіш лексикада, туыстық атауларда жəне мифтік- ертегілік дискурста тұрақты түрде көрініс табады. Зерттеу дыбыс символизмінің тілдің уəжді, прототілдік қабатын сақтаған феномен екенін дəлелдеп, түркі тілдерінің семантикалық типологиясын тереңірек түсіндіруге үлес қосады.

Description

Citation

Хасенов Б. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың семантикалық саралау қызметі: мөлшер жəне көлем категориясы/Б. Хасенов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2026. 103-112 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By