Жастар арасында құмар ойындарға тәуелділіктің қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторлар

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу Университеті

Abstract

Жастар арасында құмар ойындарға тәуелділік маңызды әлеуметтік мәселе ретінде қарастырылуда. Аталған зерттеу құмар ойындарға тәуелділіктің қалыптасуына әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және институционалдық факторлардың көпқырлы сипатын көрсетуге бағытталған. Зерттеу сандық әдіснамаға негізделіп, құрылымдық теңдеулер моделінің (PLS-SEM) көмегімен талдау жүргізілді. Мәліметтер 18 - 35 жас аралығындағы 75 респондент арасында сауалнама әдісімен жиналды. Құрылымдық модельдеу нәтижелері көрсеткендей, жастардың эмоционалдық тұрақсыздығы мен тәуекелге бейімділігі сияқты психологиялық мінез-құлықтық факторлар құмар ойындарға тәуелділік деңгейіне ең күшті әсер етеді. Сонымен қатар әлеуметтік орта мен институционалдық механизмдердің де ықпалы елеулі болып шықты. Құрылымдық теңдеулер моделінің түсіндірілген дисперсиясы R²=0,619 құрады, бұл тәуелділіктің 61,9%-ы зерттеуге енгізілген факторлармен түсіндірілуі мүмкін екенін білдіреді. Зерттеу нәтижелері бойынша жастар арасындағы құмар ойындарға тәуелділік жеке тұлғалық психологиялық факторлармен қатар әлеуметтік-экономикалық және институционалдық факторлармен тығыз байланысты кешенді құбылыс екені анықталды.

Description

Citation

Қанатбек Ж.Қ., Исмайлов Н.М. Жастар арасында құмар ойындарға тәуелділіктің қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторлар./ Ж.Қ. Қанатбек, Н.М. Исмайлов // Бөкетов оқулары – 2026: Магистранттар мен студенттердің Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары (2026 ж. 2–3 сәуір).— 2026. — 197-200 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By