Микробқа қарсы жаңа дәрілік препараттардың полимерлі нанобөлшектерін синтездеу және оларды зерттеу

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу Университеті

Abstract

Қазіргі таңда ғылым мен технологияның қарқынды дамуы медицина және фармацевтика салаларында нано-өлшемдегі жүйелерді кеңінен енгізуге жол ашып отыр. Соңғы жиырма жыл ішінде нанотехнологияларды медициналық мақсатта қолдану жаңа дәрілік препараттарды әзірлеудің маңызды стратегиялық бағытына айналды. Наномедицина қазіргі уақытта заманауи медицинаның инновациялық бағыттарының бірі бола отырып, фармацевтикалық салада бірқатар мәселелердің шешілуіне, соның ішінде, әртүрлі ауруларды емдеуде бірқатар жетістіктерге қол жеткізуге, атап айтқанда, микробқа қарсы терапияда нанотехнологиялық тәсілдерді пайдалану дәрілік заттардың тиімділігін арттыруға, олардың уыттылығын төмендетуге және антибиотикке төзімді микроорганизмдермен күресуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дәрілік заттардың нанотасымалдаушы жүйелері биологиялық белсенді субстанцияларды нысана-ұлпаларға бағытты түрде жеткізуге және препараттың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамаларын жақсартып, олардың ағзада таралуын бақылауға, терапевтік әсерін ұзартуға жағдай жасайды.

Description

Citation

Зұлқайнарова М., Сапарәлі Ж. Микробқа қарсы жаңа дәрілік препараттардың полимерлі нанобөлшектерін синтездеу және оларды зерттеу./ М. Зұлқайнарова, Ж. Сапарәлі // Бөкетов оқулары – 2026: Магистранттар мен студенттердің Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары (2026 ж. 2–3 сәуір).— 2026. — 37-40 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By