iNaturalist платформасын пайдаланып Getting Science тәсілі арқылы мектеп биология сабақтарына зерттеу элементтерін енгізу

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу Университеті

Abstract

Мақалада мектеп биология сабақтарында зерттеу әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолдары қарастырылады. Getting Science тәсілі мен iNaturalist платформасын кіріктіру арқылы білім алушылардың табиғатты ғылыми тұрғыда бақылау, деректер жинау және талдау дағдыларын дамыту мүмкіндіктері айқындалады. Оқу үдерісін тәжірибемен ұштастыру мақсатында цифрлық құралдарды қолданудың педагогикалық негіздері талданып, олардың зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудағы рөлі сипатталады. Табиғи ортада жүргізілген бақылаулар білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететіні көрсетіледі. Сонымен қатар, iNaturalist платформасының көмегімен алынған деректерді тіркеу мен жүйелеу оқушылардың ғылыми ойлауын дамытуға мүмкіндік беретіні анықталады. Ұсынылған тәсіл биология пәнін оқытуды тәжірибелік бағытта ұйымдастыруға және білім мазмұнын өмірмен байланыстыруға жағдай жасайды.

Description

Citation

Жанай А.Ш. iNaturalist платформасын пайдаланып Getting Science тәсілі арқылы мектеп биология сабақтарына зерттеу элементтерін енгізу./ А.Ш. Жанай // Бөкетов оқулары – 2026: Магистранттар мен студенттердің Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары (2026 ж. 2–3 сәуір).— 2026. — 27-29 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By