ІІ-дүниежүзілік соғыстың тарихнамалық мәселесі

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы

Abstract

Бұл зерттеу еңбегінде Екінші дүниежүзілік соғыстың (1939–1945) халықаралық тарихнамада, соның ішінде отандық, кеңестік және батыстық зерттеушілер еңбектеріндегі көрінісі қарастырылады. Соғыс адамзат тарихындағы ең қанды және ауқымды қақтығыстардың бірі болды және әлемдік саяси жүйенің қайта құрылуына әкелді. Мақаланың мақсаты - әртүрлі тарихнамалық мектептердің КСРО мен Қазақстанның рөлін қалай бағалағанын айқындау және олардың идеологиялық, геосаяси ұстанымдарын талдау. Зерттеу барысында салыстырмалы және дереккөздік талдау әдістері қолданылды. Джордж Кеннанның «The Long Telegram» еңбегі мен Джон Гэддистің «Strategies of Containment» зерттеулері АҚШ-тың «containment» стратегиясының қалыптасуын айқындауға мүмкіндік береді. Эван Модсли, Ричард Овери, Рональд Смелсер, Эдвард Дэвис сияқты тарихшылардың еңбектері Батыс көзқарасының ерекшеліктерін ашса, отандық ғалымдар (М. Әуітов, Қ. Алдажұманов, т.б.) Қазақстан халқының соғыс жылдарындағы үлесін нақты деректермен дәлелдейді. Нәтижесінде шетел тарихнамасында Кеңес Одағы мен Қазақстанның бейнесі саяси идеологияның ықпалында қалыптасқаны, ал Қазақстан көбіне шикізаттық және тылдық аймақ ретінде сипатталғаны анықталды.

Description

Citation

Марат И. ІІ-дүниежүзілік соғыстың тарихнамалық мәселесі/И. Марат//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 605-608 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By