Қызылжар аймағының ономастикалық және тарихи-мәдени ерекшеліктері

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы

Abstract

Бұл мақалада Петропавл қаласының онимастикасы тарихи, мәдени және әлеуметтік қырынан талданады. Зерттеу барысында қала атауының қалыптасуына әсер еткен тарихи жағдайлар мен олардың мағынасы қарастырылады. «Петропавл» атауы XVIII ғасырдағы Ресей империясының әскери- отарлық саясаты нәтижесінде пайда болғаны анық. Дегенмен аймаққа жергілікті халық бұрыннан «Қызылжар» деген атау берген, ол табиғи-географиялық ерекшеліктерге байланысты пайда болған топоним. Мақалада осы екі атаудың семантикасы, тарихи қолданысы және қазіргі кезеңдегі әлеуметтік қабылдануы салыстырылып, олардың мәдени-ұлттық маңызы ашылады. Зерттеу аясында тарихи деректер, архив материалдары, ғылыми мақалалар мен қазіргі қоғамдық пікірлер пайдаланылды. Мақала нәтижелері Петропавл атауының жай географиялық нысан емес, көпқабатты тарихи- этномәдени феномен екенін көрсетеді. Сонымен қатар Қызылжар атауын қайтару жөніндегі қазіргі талқылаулардың себептері, мазмұны және қоғамдағы мағынасы түсіндіріледі.

Description

Citation

Хамзина Д.Р. Қызылжар аймағының ономастикалық және тарихи-мәдени ерекшеліктері/Д.Р. Хамзина//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 267-269 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By