Түлкібас ауданының жер-су атауларының ономастикасы

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы

Abstract

Бұл мақала Түлкібас ауданы аумағындағы жер-су атауларының тарихи-ономастикалық табиғатын анықтауға арналған. Ономастикалық зерттеулер - бір өңірдің географиялық, этнографиялық, тарихи, мәдени даму кезеңдерін айқындауда аса маңызды. Түлкібас ауданы - табиғи ландшафтық жағынан да, тарихи процестердің сабақтастығы бойынша да өзіне тән ерекшелігі бар өңір. Мұндағы жер атаулары көбіне көне түркі, қазақ рулық жүйесі, табиғи орта мен тарихи оқиғаларға байланысты қалыптасқан. Зерттеуде «Кеңсай», «Толағай», «Ақбиік», «Састөбе», «Түркібасы» секілді атаулардың шығу тегі мен семантикалық мәні талданып, олардың өңірдің тарихи жадындағы орны көрсетілді. Сондай-ақ Түлкібас жеріндегі топонимдердің этнолингвистикалық сипаты, олардың халықтық дүниетанымды сақтаушы қызметі айқындалды. Мақалада өңір топонимиясын зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, аймақтық ономастиканың қалыптасу үрдістері қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде жер-су атауларының әрқайсысы белгілі бір тарихи кезеңнің, этностық тәжірибенің, географиялық ерекшеліктің дереккөзі екендігі дәлелденді. Бұл зерттеу Түлкібас ауданы топонимдерінің тарихи маңызын ашып, олардың бүгінгі мәдени-танымдық кеңістіктегі рөлін айқындауға мүмкіндік береді.

Description

Citation

Утеули А.А. Түлкібас ауданының жер-су атауларының ономастикасы/А.А. Утеули//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 264-266 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By