Қорғалжын өңірінің жер-су атауларының тарихы

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы

Abstract

Бұл мақала Қорғалжын өңірінің жер-су атауларының тарихи, географиялық және мәдени негіздерін кешенді талдауға бағытталған. Сарыарқа аумағындағы бұл өңір көптеген көне топонимиялық қабаттарды сақтаған бірегей аймақ болып саналады. Зерттеу барысында жоңғар шапқыншылығына дейінгі және кейінгі атаулардың өзгеруі, патшалық Ресейдің отарлау саясатының топонимдерге ықпалы, XX ғасырдың басындағы әкімшілік-статистикалық деректердің мәні және көшпелі мәдениеттің атауларға әсері қарастырылды.Материалдық база ретінде XIX-XX ғасыр басындағы әскери-топографиялық карталар, Қорғалжын болысының 1925-1927 жылдардағы архивтік құжаттары, болыстық карталар, жер пайдалану бөлімінің сызбалары және Нұра-Есіл өзендерінің арналарын реттеуге қатысты материалдар қолданылды. Сондай-ақ еуропалық зерттеушілердің жазбалары, қазақ ономастикасына арналған ғылыми еңбектер және ауызша деректер қосымша салыстырылды.Зерттеу нәтижелері табиғи ландшафт пен топонимдердің өзара байланысын айқын көрсетті: Теңіз, Қорғалжын, Саумалкөл, Сарыкөл, Бездек, Бірқоғалы тәрізді су атаулары өңірдің гидрологиялық ерекшелігін сипаттайды, ал Серкебай, Бидайық, Қоянды, Арқалық сияқты қоныс атаулары әлеуметтік құрылым мен шаруашылық дәстүрлердің ізі екенін дәлелдейді. Сонымен бірге 1925-1930 жылдардағы құжаттардағы атаулардың төте жазумен сақталуы тарихи нұсқаның жоғалып кетпеуіне жағдай жасағаны анықталды.Жалпы алғанда, Қорғалжын өңірі топонимиясы аймақтың тарихи жады, этникалық ерекшелігі және табиғи ортасы туралы құнды ақпарат береді. Зерттеу аймақтық ономастиканы жүйелі зерттеудің маңызын арттырады және болашақ ғылыми жұмыстарға негіз бола алады.

Description

Citation

Иманов Е.А. Қорғалжын өңірінің жер-су атауларының тарихы/Е.А. Иманов//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 170-174 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By