Сарыарқа топонимнің пайда болуы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Бұл мақала Сарыарқа ономастикалық атауының тарихи қалыптасуы, этимологиялық негізі
және географиялық, тарихи-мәдени мазмұны туралы ғылыми талдауға бағытталған. Сарыарқа бұл
Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймағының бірі, қазақ даласының кең
аймағын қамтитын тарихи-географиялық атау және оның мәні мен пайда болу уақыты түркілік
дүниетаным, табиғи-ландшафтық ерекшеліктер және этномәдени тәжірибемен тығыз байланысты.
Сарыарқаға Қарағанды, Ақмола облыстарының жері толықтай,
бұрынғы Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысының
территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы
өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Мақалада ең алдымен атаудың шығу төркініне
қатысты ғылыми болжамдар қарастырылып, «сары» сөзінің түркі тілдеріндегі семантикалық ауқымы
мен «арқа» ұғымының географиялық сипаттамадағы орны салыстырыла зерттеледі. Сонымен бірге
Сарыарқа атауының қазақ этногенезіндегі рөлі мен оның кеңістіктік шекаралары жазба деректер,
тарихи құжаттар және халық фольклоры негізінде талданады. Зерттеу барысында ономастикалық
талдау, тарихи-лингвистикалық салыстыру, картографиялық деректерді талдау және контенттік
сараптама әдістері қолданылып, атаудың сан ғасырлар бойы қалыптасқан мазмұны жүйелі түрде
қарастырылады. Сондай-ақ Сарыарқа ұғымының тек географиялық атау емес, сонымен бірге ұлттық
символдық кеңістіктің бір бөлігі ретіндегі маңызы ашылады. Мақалада «дала өркениеті», «туркілік
топонимдік жүйе», «табиғи-географиялық детерминация» сияқты түсініктер арқылы атаудың тарихи-
мәдени мәнмәтіні көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде Сарыарқа атауының көпқабатты мазмұнға ие екені,
оның этностық, тарихи және табиғи факторлардың бірігуі негізінде қалыптасқаны анықталады.
Description
Keywords
Citation
Баянбек Ф.С. Сарыарқа топонимнің пайда болуы/Ф.С. Баянбек//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 129-134 б.