Ақмола облысының ономастикалық атаулары: шығу тегі, тарихи-мәдени негізі және зерттелуі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Бұл мақала Ақмола облысы аумағындағы oномастикалық атаулардың шығу тегі, тарихи-
мәдени негіздері және олардың өңір тарихындағы маңызын зерттеуге арналған. Oномастикалық
атаулар -белгілі бір аймақтың табиғи, этнографиялық, тарихи ерекшеліктерін бейнелейтін атаулар
жүйесі. Ақмола өңірі - қазақ халқының этногенезі мен мәдени қалыптасуында маңызды орын алған,
көне тайпалар өмір сүрген аймақ болғандықтан, оның топонимдері терең тарихи ақпарат сақтайды.
Мақалада Көкшетау, Бурабай, Есіл, Атбасар, Зеренді, Бұланды секілді негізгі жер-су атауларының
этимологиясы қарастырылып, олардың қалыптасуына әсер еткен табиғи-географиялық жағдай, көне
түркі кезеңі, қыпшақ дәуірі және кейінгі қазақ руларының ықпалы анықталады. Сонымен қатар Ақмола
облысы топонимдерін зерттеген Ш.Уәлиханов, Т.Жанұзақов, Ә.Тәжімұратов, Е.Керімбаев еңбектеріне
талдау жасалып, олардың ғылыми әдістері мен тұжырымдары мақаланың теориялық негізін құрайды.
Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы әдіс, этимологиялық талдау, географиялық карталарды
салыстыру әдістері қолданылып, топонимдердің шығу тегіне кешенді талдау жасалды. Зерттеу
нәтижесінде Ақмола өңіріндегі ономастикалық атаулардың көпшілігі табиғи нысандардың
ерекшеліктеріне, мал шаруашылығы ұғымдарына, түркі мифологиясына және этникалық топтардың
қоныс тарихына байланысты екені анықталды.
Description
Keywords
Citation
Аубакирова Ж.Ж. Ақмола облысының ономастикалық атаулары: шығу тегі, тарихи-мәдени негізі және зерттелуі/Ж.Ж. Аубакирова//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 111-114 б.