Түркия қазақтарының ұлттық бірегейлігін сақтау үдерісі: Халифа Алтайдың рөлі мен мұрасы
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу Университеті
Abstract
XX ғасырдың ортасында Шығыс Түркістаннан басталған көші-қон Түркиядағы қазақ диаспорасының қалыптасуына негіз болды. Бұл қауымдастық өздерінің ұлттық бірегейлігін сақтап қалу жолында көптеген қиындықтарға кезікті. Осы негізде жазылған бұл ғылыми мақалада Халифа Алтайдың Түркиядағы қазақ диаспорасының ұлттық бірегейлігін сақтаудағы рөлі жан-жақты қарастырылған. Халифа Алтайдың діни-ағартушылық қызметі Түркиядағы ғана емес, жалпы қазақ әлеміндегі рухани жаңғыру мен ұлт бірлігінің маңызды тіректерінің бірі болды, артына қалдырған мұрасы мен жазып қалдырған еңбектері қазақтардың мәдениетін, тілін және дәстүрін, әдет-ғұрыпын сақтауға бағытталған. Мақаланың мақсаты Халифа Алтайдың Түркия қазақтарының ұлттық тұтастығын сақтаудағы рөлін жан-жақты талдау. Зерттеуде ғалымның саяси-көшбасшылық қызметі мен еңбектерінің маңызы зерделеніп, бұл еңбектердің Түркия қазақтарының ұлттық санасын сақтау мен дамытуға қосқан үлесі талданып, бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығы айқындалған. ХХ ғасырдың ортасында Қытайдан Түркияға қоныс аударған қазақтар жаңа ортаға бейімделу барысында ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерін сақтап қалу мәселесіне тап болды. Осы тұста Халифа Алтайдың діни-ағартушылық қызметі, қазақ тіліндегі еңбектері және ұлттық сана-сезімді нығайтуға бағытталған іс-әрекеттері Түркия қазақтарының этникалық тұтастығын сақтауда шешуші рөл атқарды. Мақалада оның шығармашылық мұрасы және саяси қызметінің диаспора өміріндегі маңызы талданып, қазақ мәдениеті мен дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудегі ықпалы ғылыми тұрғыдан сараланған.
Description
Citation
Алиакбарова А.П., Оспанова А.К., Смаханова Ж.С. Түркия қазақтарының ұлттық бірегейлігін сақтау үдерісі: Халифа Алтайдың рөлі мен мұрасы./ А.П. Алиакбарова, А.К. Оспанова, Ж.С. Смаханова// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.— 2025. — 30-т., 4(120)-шығ. — 16-26 б.