Лингвомәдениеттану және мәдени лингвистика: салыстырмалы талдау
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Тіл мен мәдениеттің өзара байланысын этнолингвистика зерттеп келсе, кейіннен жаңа ғылыми бағыт
— лингвомәдениеттанудың қалыптасуына ұласты. Бұл салада посткеңестік және батыстық дәстүрлер
арасында әдіснамалық айырмашылықтар бар: қолданылатын ұғымдар, терминдер мен зерттеу әдістері
мазмұны мен сипаты жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Осы айырмашылық лингвомәдениеттануды
батыстық бағыт — мәдени лингвистикамен салыстырғанда анық байқалады. Мақалада осы екі
ғылыми бағыттың салыстырмалы талдауы ұсынылып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары
анықталады. Лингвомәдениеттану және Мәдени Лингвистика бағытында жазылған зерттеу
жұмыстарына талдау жасалынып, аталған екі бағытта қолданылып жүрген ұғымдар мен атаулардың
жанасу деңгейі мен даму бағыттары қарастырылады. Сонымен қатар батыстық лингвомәдени
зерттеулердегі мәдени категория, мәдени метафора және мәдени схема атты талдау құралдарының
мазмұны сипатталады. Мәдени Лингвистиканың теориялық негізін құрайтын үлестірілген когниция
және мәдени когниция ұғымдары айқындалып, мәдени концептуалдау нәтижесі лингвомәдениеттану
бағытының зерттеу бірлігі болып табылатын концепт ұғымына сәйкес келетіндігі туралы тұжырым
жасалынады. Зерттеудің практикалық маңызы — батыстық мәдени лингвистика әдіснамасының
ерекшеліктерін анықтау арқылы шетелдік басылымдарда ғылыми мақала жариялауды көздейтін
отандық зерттеушілерге метатілге қатысты ұсыныстар беруінде. Сондай-ақ мақала отандық
ғалымдарды мәдени лингвистиканың ерекшеліктерімен таныстырып, лингвомәдениеттану
метатіліндегі терминдік аппаратқа нақтылау енгізудің өзектілігін негіздейді.
Description
Citation
Жетпісбаева Қ.Б. Лингвомәдениеттану және мәдени лингвистика: салыстырмалы талдау/Қ.Б. Жетпісбаева, Б.Н. Жұбатова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №4. 6-18 б.