Алтай мемлекеттік университеті оқытушыларының физикалық денсаулығын зерттеу

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің баспасы

Abstract

Мақалада Алтай мемлекеттік университетінің 59 оқытушысының (21 ер және 38 әйел) негізгі физиологиялық көрсеткіштері мен анонимді сауалнама және зерттеу деректері берілген. Зерттеу В. П. Войтенконың экспресс-әдісі бойынша паспорттық және биологиялық жастағы айырмашылықтарды бағалауға бағытталған. Биологиялық жастың (БЖ) мәнін есептеу үшін денсаулықты өз денсаулығын бағалаудың арнайы сауалнамасы және бірқатар физиологиялық көрсеткіштер мен математикалық формулалар қолданылды; тиісті биологиялық жастың мәні (ТБЖ) есептелді; алынған биологиялық жас және тиісті биологиялық жас салыстырылды, зерттелушілердің қартаю жылдамдығы құрдастарынан қанша жыл бұрын немесе артта қалғаны анықталды. Мұндай тәсіл жастары бірдей адамдарды «жасына қарай қартаю» дәрежесі бойынша, сонымен қатар денсаулығының "қоры" бойынша бірнеше дәрежеге бөлуге мүмкіндік береді (I және II дәрежелер – баяу қартаю, III – БЖ популяциялық стандартқа сәйкес келеді, IV және V – жеделдетілген қартаю).

Description

Citation

Алтай мемлекеттік университеті оқытушыларының физикалық денсаулығын зерттеу / Мырзабаев А.Б. [т.б.] // Е.А. Бөкетовтің ғылыми көкжиектері. Академик Е.А. Бөкетовтің 100 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары бойынша еңбектер жинағы (2025 ж. 26 қыркүйек) : ғылыми электрондық басылым = Сборник трудов по материалам Международной научной конференции, посвященной 100-летию академика Е.А. Букетова. -2025. - 118-121 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By