Зертхана мен әдебиетті тоғыстырған Евней Арыстанұлы Бөкетовтің қос қырлы болмысы мен мұрасы
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің баспасы
Abstract
Бұл мақалада көрнекті ғалым, жазушы және қоғам қайраткері Евней Арыстанұлы Бөкетовтің қос қырлы
болмысы – ғылым мен әдебиетті қатар игерген тұлғалық ерекшелігі қарастырылады. Ол ХХ ғасырдың екінші
жартысында Қазақстан ғылымының дамуына айрықша үлес қосып, металлургия саласындағы ғылыми
ізденістерімен әлемдік деңгейде танылды. Сонымен бірге, Бөкетов қазақ әдебиетінде де өзіндік қолтаңбасын
қалдырып, көркем шығармалар мен аудармалар арқылы рухани мұраға ықпал етті. Зерттеу мақсаты – зертхана мен
әдебиет өрісін тоғыстырған Бөкетовтің шығармашылық синтезін ғылыми тұрғыда ашу, оның ғылыми және әдеби
мұрасының мәдени-өркениеттік маңызын айқындау. Мақалада деректік материалдар, тарихи-салыстырмалы әдістер
және ғылыми-әдеби талдау тәсілдері пайдаланылды. Нәтижесінде, Е.А. Бөкетовтің ғылыми ізденістер мен көркем
шығармашылықты ұштастыра білген әмбебап тұлға екендігі дәлелденеді.
Description
Keywords
Citation
Джусупова Н.М. Зертхана мен әдебиетті тоғыстырған Евней Арыстанұлы Бөкетовтің қос қырлы болмысы мен мұрасы / Н.М.Джусупов, Д.А.Кадирбаева, Ш.Б. Ниязбеков // Е.А. Бөкетовтің ғылыми көкжиектері. Академик Е.А. Бөкетовтің 100 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары бойынша еңбектер жинағы (2025 ж. 26 қыркүйек) : ғылыми электрондық басылым = Сборник трудов по материалам Международной научной конференции, посвященной 100-летию академика Е.А. Букетова. -2025. - 46-48 с.