1937–1944 жылдары Қазақстанға депортацияланған күрд этносының әлеуметтік-экономикалық жағдайы: тарихи талдау және қазіргі зерттеулер
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
Мақала кеңестік және посткеңестік кезеңдегі күрд этносының әлеуметтік-материалдық жағдайын кешенді түрде зерттеуге арналған. КСРО билігі жүргізген ұлттық саясаттың күрд этносына тигізген әсері, олардың депортациясы және арнайы қоныс аударушылар ретінде Қазақстанда өмір сүру ерекшеліктері жан-жақты талданған. Сонымен қатар тарихи құжаттар, архив материалдары, статистикалық деректер мен ғылыми еңбектер негізінде күрд этносының КСРО кезеңіндегі
әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына баға берілген. Зерттеу барысында КСРО билігінің этникалық азшылықтарға қатысты жүргізген саясаты, арнайы қоныс аударушыларға арналған құқықтық шектеулер мен материалдық жағдайлар сараланады. Сонымен қатар, күрд этносының КСРО кезіндегі экономикалық қиындықтары, олардың Қазақстанға қоныстандырылғаннан кейінгі бейімделу
үдерісі мен еңбекке араласу мүмкіндіктері зерттелген. Посткеңестік кезеңде этникалық топтардың құқықтық мәртебесінің жақсаруы, күрд этносының әлеуметтік жағдайының өзгерістері, мәдени ерекшеліктерін сақтау мен интеграция мәселелері қарастырылған. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы — тарихи деректерді жүйелі талдауға негізделген болса, практикалық маңыздылығы — этносаралық
қатынастарды реттеу және тарихи жадты сақтау мәселелеріне үлес қосуында. Бұл зерттеу кеңестік және посткеңестік кезеңдегі күрд этносының дамуын түсінуге, олардың әлеуметтік және материалдық жағдайын бағалауға, сондай-ақ олардың мәдени ерекшеліктерін сақтау жолдарын анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері этникалық азшылықтардың көші-қон үдерістерін, олардың жаңа ортаға бейімделу ерекшеліктерін және қоғамдағы орнығу тетіктерін талдауға негіз
болады. Тарихи тәжірибе этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету және көші-қон саясатын оңтайландыру жолдарын анықтауға да ықпал етеді.
Description
Citation
1937–1944 жылдары Қазақстанға депортацияланған күрд этносының әлеуметтік-экономикалық жағдайы: тарихи талдау және қазіргі зерттеулер./ А.М. Джалилов [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы. — 2025. — 30-т., 3(119)-шығ. — 117-127 б.