Орталық Қазақстандағы 1920 жылдар соңындағы тәркілеу науқаны: жергілікті билік рөлі мен дәстүрлі қоғам ерекшелігінің ықпалы

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада 1920 жылдар аяғындағы Орталық Қазақстандағы тәркілеу науқанының ерекшеліктері мен зардаптары, жергілікті жағдайға байланысты өзгерістер, туыстық байланыс арқылы тәркілеу барысына жүргізілген ықпалдар мен әсерлер қарастырылған. Сонымен қатар, архивтік деректер арқылы анықталған осы мәселелер ауызша деректер арқылы расталып, талданған. Тәркілеу уақытындағы бей-берекетсіздік пен ретсіздік себептері мен салдары көрсетіліп, ақпараттың жеткізілуінің науқан барысына әсері де сарапталады. Тәркілеу туралы нұсқаудың орындалуы жергілікті жерде жоғарыдан көрсетілгендей жүргізілмегенінің бірнеше себептері болған. Бұл себептерді анықтау мен көрсету сол кездегі қоғам және сол уақытқа дейінгі саяси-әлеуметтік жағдайдың көріністерін анықтауға септеседі. Осы жағдайлардың салдары жалпы кеңестік кезеңдегі өмір сипатына, ауыл шаруашылығы мәселелеріне, сонымен қатар ауылдағы күнделікті өмір жағдайларына әсер еткенін кейінгі оқиғалар мысалдарынан да көруге болады. Осындай күрделі уақытта адамдардың бір-біріне көмектесуі мен өзара серіктестігі, қазақтар арасындағы туыстық байланыстар арқылы көмек қолын созу мәселелерінің архив деректері беттерінде көрініс беруі мақалада берілген. Бұл мәселенің жергілікті тұрғындар үшін оң және теріс салдары да болған. Осы салдарлар тәркілеу науқанынынң кертартпа тұстарын туындатып, халық үшін жасалуы тиіс ауыл шаруашылығына байланысты реформаларды қарапайым халықтың өзіне қарсы іс-шараға айналдырып жіберген болатын.

Description

Citation

Джумабеков Д.А., Ыбырайхан М.Ы., Жағыпар Ә.Б. Орталық Қазақстандағы 1920 жылдар соңындағы тәркілеу науқаны: жергілікті билік рөлі мен дәстүрлі қоғам ерекшелігінің ықпалы./ Д.А. Джумабеков , М.Ы. Ыбырайхан , Ә.Б. Жағыпар.// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.— 2025. — 30-т., 3(119)-шығ. — 103-116 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By