ХХ ғ. 50-жылдарындағы АҚШ және Египет қатынастарының тарихы
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
Мақалада Америка Құрама Штаттарының Египетке қатысты саясатының тарихына талдау жасалған. Екі ел қатынастары Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде Таяу Шығыс аймағында қалыптасқан геосаяси ахуалдың ерекшеліктері аясында қарастырылады. Аталған тарихи жағдайда АҚШ-тың аймақтық саясаты энергетикалық ресурстарға бақылау орнатуға деген ұмтылыспен анықталады, ал Египеттің бұл саясаттағы орны Суэц каналының геоэкономикалық және геостратегиялық маңызымен байланысты қаралады. Египеттің ұтымды географиялық орналасуы, сондай-ақ соғыстан кейінгі араб әлеміндегі саяси белсенділігі бұл елді Вашингтон үшін Таяу Шығыстағы стратегиялық әріптеске айналдырды. Осыған байланысты Америка Құрама Штаттары мен оның негізгі батыстық одақтастары Египетті аймақтық қауіпсіздік құрылымдарына, соның ішінде
антикоммунистік сипаттағы «Орта Шығыс қолбасшылығы» жобасының шеңберіне тартуға ұмтылды. Аталған бастаманың жүзеге асырылу мүмкіндіктері мен шектеулері, сондай-ақ Каирдің бұл бастамаға қатысты саяси ұстанымы зерделенген. Мақалада ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Египеттің ішкі саяси және сыртқы жағдайының өзгерістері жағдайында АҚШ-пен дипломатиялық және әскери-саяси
қатынастарының тарихы сараланады. Сонымен қатар, Ялта–Потсдам жүйесінің қалыптасуы нәтижесінде АҚШ пен Кеңес Одағы арасындағы Таяу Шығыстағы ықпал үшін бәсекелестік шеңберінде орын алған геосаяси теке-тірестер мазмұны талданып, Вашингтонның аймақтық әскери- стратегиялық мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған қадамдары зерттелген. Зерттеу жұмысы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі архивіндегі Египетке қатысты құжаттық дереккөздерге сүйене отырып жүргізілген.
Description
Citation
Байтуреева К., Турекулова Ж., Султанова В. ХХ ғ. 50-жылдарындағы АҚШ және Египет қатынастарының тарихы./ К. Байтуреева , Ж. Турекулова , В. Султанова.// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.— 2025. — 30-т., 3(119)-шығ. — 82-92 б.