Қазақ сөз мәдениетінің ғылыми-теориялық мәселелері және оны оқытудың жайы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақала сөз мәдениетінің қазақ тіл білімінде зерттелуі мен оны оқыту мәселелеріне арналған. Елдер арасындағы әр түрлі қарым-қатынастардың орнауы, білім мен ғылым салаларындағы технологиялардың дамуы әлем халықтарының тіліне өз әсерін тигізуде. Солардың бірі ретінде осылардың тілдік тұлғанының сөз мәдениетіне тигізіп жатқан әсерін айтуымызға болады. Сондықтан мақалада сөз мәдениеті ұғымы зерттеу жұмысының басты нысаны ретінде қарастырылған. Қазіргі таңда сөйлеушінің тілдік дағдыларын дамытуда сөз мәдениетінің орны мен тілдік нормаларды сақтаудағы рөліне, оның білім беру жүйесінде жүйелі түрде оқытылуына тиісті назар аударылмай келеді. Бұл өз кезегінде жаһанданудың қазақ тіліне, оны пайдаланушы тілдік тұлғаның сөйлеу әрекетіне қаншалықты оң немесе теріс әсер етіп жатқанына мән беру керек екендігін және зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді. Зерттеу жұмысының мақсаты — қазақ сөз мәдениетінің ғылыми- теориялық негіздерді жүйелеп, қазақ тіл біліміндегі концептуалдық тұжырымдарды талдау арқылды сөз мәдениеті ұғымының мазмұнын нақтылау және оны оқытудың тиімді бағыттарын анықтау. Мақалада хронологиялық заңдылық негізінде XX ғасырдың алғашқы жартысынан бастап, қазіргі кезеңге дейінгі отандық ғалымдардың сөз мәдениетіне қатысты ғылыми-теориялық және ғылыми- әдістемелік еңбектеріне шолу жасалған. Сөз мәдениетіне қатысты ондаған еңбекке теориялық талдау арқылы салыстырмалы зерттеу жүргізілген. Олардың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы, Құдайберген Жұбанов, Мәулен Балақаев, Ісмет Кеңесбаев, Рабиға Сыздық, Нұргелді Уәли, Жанат Дәулетбекова, Жанар Абилхаирова және тағы да басқа ғалым-зерттеушілер ғылыми еңбектері бар. Мақалада қазіргі кезде қазақ тіл білімінде сөз мәдениетінің тарихи қалыптасуы мен оның зерттелуі сөз болады. Теориялық еңбектерді талдау арқылы сөз мәдениетінің қалыптасқан кейбір шешілуі тиіс мәселелері анықталған. Атап айтсақ, термин мәселесі, отандық ғалым-зерттеушілердің сөз мәдениетіне берген анықтамалары мен түсініктері. Сондай-ақ сөз мәдениетін оқыту мәселесіне тоқталып, қазіргі жай-күйі сараланып, оны жоғары мектепте дербес пән ретінде оқытудың маңыздылығы мен қажеттілігі айқындалған. Арнай эксперименттік жұмыс негізінде білімгерлердің сөйлеу тіліндегі сөз мәдениетіне сай емес ауытқулардың бірнеше түрі (калька сөздер, жаргон сөздер, өзге тілді сөздер) анықталып, оларды сөйлеуде пайдаланудың себебі мен тілде қолданудың сандық-сапалық көрсеткіштері ұсынылған. Сонымен қатар қазақ тіл біліміндегі теориялық, әдістемелік зерттеулердің негізінде бірнеше тұжырым жасалып, ұсыныстар берілген. Бұл өз кезегінде алдағы зерттеулерге негіз болады.

Description

Citation

Райбек Е.Ө. Қазақ сөз мәдениетінің ғылыми-теориялық мәселелері және оны оқытудың жайы/Е.Ө. Райбек, Ш.Л. Ерхожина//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №3. 172-183 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By