Тілдік сана көрінісін этникалық-когнитивтік тұрғыда зерделеу

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Тілдік сана мәселесі философия, логика, психология, когнитология, лингвистика салаларында әр қырынан зерттеледі. Тіл білімінде тілдік сана сипаты тіл мен ойлау, тіл мен сана, тіл мен әлем бейнесінің, сана мен сөйлеу әрекетінің бір-бірімен байланысын анықтау арқылы ашылады. Мақалада этномәдени бірліктердің тілдік санадағы көрінісі талданып, психолингвистикалық тұрғыда қарастырылған. Тілдік сана көрінісі — санадағы бейнелер жүйесінің түрлі тілдік деңгей бірліктері арқылы заттануы. Тіл таңбалар жүйесінен тұратын құрылым ғана емес, ол — санада әлем бейнесі туралы қалыптасқан ұғым-түсініктерді жеткізуші таным құралы. Белгілі бір ұлттың тілдік сана көрінісін зерделеу ұлттық бірегейлікті, ұлттық мәдени кодты, оның сақталу деңгейін анықтауға жол ашады. Сондықтан қазақ жастарының этномәдени санасының тілдік көрінісін айқындау сана түкпірінде жатқан этникалық-когнитивтік ерекшелікті тануға, ұлттық болмысты сипаттауға, жастардың таным-түсінігіндегі құндылықтар жүйесін тануға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында 17- 35 жас аралығындағы қазақ жастарының этномәдени санасындағы тілдік көріністерді анықтау үшін эмпирикалық зерттеу әдісі қолданылып, еркін ассоциациялық тәжірибе жүргізілді. Алынған нәтижелер сараланып, көрімдік, құйрық-бауыр, қошқар мүйіз секілді стимул-сөздерге берілген реакциялар талданды. Көрімдік ассоциациялық-вербалды өрісінің өзегі — ақша, құйрық-бауыр өрісінің өзегі — құдалық, қошқар мүйіз өрісінің өзегі — ою екені анықталып, респондент жауаптарында қайталанған реакциялардың ұжымдық сана көрінісін сипаттайтыны дәйектелді. Кейбір жауаптардан жеке тұлғаның көзқарас-пікіріне, алған әсері мен өмірінде есте қалған белгілі бір сәттеріне қатысты мәліметтер алынды. Этномәдени сана көрінісінің сөз, сөз тіркесі, сөйлеммен ассоциацияланып, түрліше таңбаланғанына қарамастан, әр стимул-сөзге алынған реакциялардан мазмұн ортақтығы мен мағына бірлігі байқалды. Талданған ассоциациялық-вербалды өрістерде этномаркерлі ұғым-түсініктердің кездесуі қазақ жастарының санасында «этномәдени білімнің» жинақталғанын, тілдік санада ұлттық айшықтың бедерленгенін көрсетті. Ассоциациялық-вербалды өріс қазақ жастарының тілдік сана көрінісін беретін, әлемнің бейнесін модельдейтін маңызды мағыналық құрылым ретінде айқындалды. Сонымен қатар тәжірибеге қатысушылардың тілдік санасындағы көрініс-бейнелердің қалыптасуына ықпал еткен факторлар (БАҚ, салт-дәстүр, әдет- ғұрып, қоршаған орта, мектеп, өнер туындылары т.б.) талданып, рухани, материалдық мәдениетке қатысты ұғым-түсініктерді орнықтыруда отбасының басты қызмет атқаратыны анықталды. Тәжірибеге қатысушылар салт-дәстүр, әдет-ғұрып, қоршаған орта, әдебиет, мәдениеттің де таным- түсініктеріне әсер еткенін атап көрсетті. Нәтижесінде қоршаған әлем туралы білімді жинақтау және оны белгілі бір тілдік таңбалар арқылы жеткізу сананың түрлі факторлармен қарым-қатынасы негізінде жүзеге асатыны дәйектелді.

Description

Citation

Ахметова М.К. Тілдік сана көрінісін этникалық-когнитивтік тұрғыда зерделеу/М.К. Ахметова [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №3. 110-121 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By