Орталық Қазақстандағы этникалық репатрианттардың бейімделу және ықпалдасу үдерісі: әлеуметтік-экономикалық және мәдени аспектілері (1991–2021 жж.)
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында жүзеге асырыла бастаған этникалық қазақтардың тарихи Отанына қайту үдерісі, оның ішінде Қарағанды облысы мысалындағы ерекшеліктері ғылыми тұрғыда қарастырылған. Сонымен қатар шетелдердегі қазақ диаспорасы өкілдерінің тарихи отанына қоныс аударуының әлеуметтік, демографиялық және мәдени
маңыздылығы зерттелген. Мақалада 1991–2022 жылдар аралығында Қарағанды облысына көшіп келген қандастардың саны, квота жүйесінің ықпалы, әртүрлі елдерден келген репатрианттардың бейімделу ерекшеліктері нақты архивтік деректер мен статистикалық материалдар және этникалық қазақтармен жүргізілген сұхбаттар негізінде талданған. Авторлар репатрианттардың көші-қонға итермелеген негізгі себептері ретінде отансүйгіштік сезім, ұлттық мәдениет пен тілге деген құрмет,
шетелдердегі әлеуметтік-саяси қиындықтар екенін айқындайды. Сапалық зерттеу әдістері —өмірбаяндық сұхбаттар мен тарихи интервьюлер арқылы көші-қон себептері, патриоттық мотивтер мен әлеуметтік ықпалдасу мәселелері кеңінен қамтылған. Қытай, Моңғолия, Өзбекстан және басқа елдерден келген этникалық қазақтардың Орталық Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ортаға
бейімделу барысын, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауларды, сондай-ақ көші-қон саясатының өзгерістерінің ықпалын жүйелі талданған. Қарағанды облысына келген қандастардың саны, квота жүйесінің жүзеге асуы мен оның шектеулері, аймақтық ерекшеліктері, бейімделу барысындағы қиындықтар мен жетістіктері кешенді түрде сарапталған. Зерттеу нәтижесінде аймақтық деңгейдегі
репатриацияның өзіндік ерекшеліктері, қиындықтары мен жетістіктері сараланып, болашақ көші-қон саясатында ескерілуі тиіс ұсыныстар қалыптасқан. Зерттеу нәтижелері этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы тек демографиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени және тарихи маңызы бар үдеріс екенін дәлелдейді.
Description
Citation
Нығметова Ж.Т., Сактаганова З.Г., Джумабеков Д.А. Орталық Қазақстандағы этникалық репатрианттардың бейімделу және ықпалдасу үдерісі: әлеуметтік-экономикалық және мәдени аспектілері (1991–2021 жж.)./ Ж.Т. Нығметова , З.Г. Сактаганова , Д.А. Джумабеков// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.— 2025. — 30-т., 2(118)-шығ. — 100-110 б.