Білім беруде stem технологиясын интеграциялау

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Бұл мақалада STEM технологияларын білім беру жүйесіне интеграциялау мәселесі қарастырылады. Физика пәнімен байланысы, соның ішінде электр және магнетизм бөлімінде қолдану ерекшеліктері сипатталады. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында STEM тәсілінің тиімділігі сарапталады. STEM білім беру моделі оқушылардың ғылыми зерттеу қабілеттерін дамытып, оларды тәжірибелік дағдылармен қамтамасыз етуге негізделген. Бұл тәсіл оқушылардың пәнаралық байланыстарды терең түсінуіне, ақпаратты талдау және оны қолдану дағдыларын жетілдіруге бағытталған. STEM әдісі бойынша білім алған оқушылар ғылыми ойлау қабілетіне ие болып, кәсіби дағдыларын дамытады. STEM әдістерін пайдалану оқыту процесінің тиімділігін арттырып қана қоймай, оқушылардың командада жұмыс істеу дағдыларын дамытып, олардың коммуникативтік қабілеттерін нығайтады. Тәжірибеге негізделген бұл тәсіл оқушылардың физика пәнін меңгерудегі белсенділігін арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектеседі. Осылайша, STEM технологияларын физика сабағында қолдану – білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылып, оқушылардың ғылым мен техника саласында бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына негіз болады.

Description

Citation

Калишева А.С. Білім беруде stem технологиясын интеграциялау / А.С. Калишева // Қазіргі заманғы физика ғылымының инновациялық дамуы: жаңа тәсілдер мен өзекті зерттеулер. - Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті. – 2025. – 309-314б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By