Эмоционалды интеллект және инклюзия мәселелерінің философиялық негіздері
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
Мақалада эмоционалды интеллект және инклюзия мәселелерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар, олардың философиялық негіздері қарастырылған. Қазіргі уақытта еңбек нәтижелілігі, жетістіктер, ұжымдық рух, мансаптық өсу және ынталандыру деңгейі интеллектуалды қабілетпен қатар тұлғааралық қатынастарды тиімді басқару көрсеткіштерімен анықталады. Бұл ретте эмоционалды интеллект ерекше мәнге ие. Тұлға үшін эмоционалды интеллект жеке және кәсіби қалыптасуда
шешуші рөл атқарады. Ол өз эмоциясымен бірге өзге адамдардың сезімін түсіну және басқара алу қабілетін қамтиды. Эмоционалды интеллект тек жеке тұлғаның дамуында ғана емес, сонымен қатар инклюзивті ортаны қалыптастыруда да маңызды рөл атқарады. Эмоционалды реттеу, эмпатия мен өзін-өзі тану инклюзивті орта қалыптастыру мен мәдениаралық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал
етеді. Ұжымдағы әлеуметтік хабардарлықты арттыру қарым-қатынастарды нығайтуға және әртүрлілікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерді қолдауға мүмкіндік береді. Бұл процестің маңызды құралдары: қарым-қатынасты басқару, белсенді тыңдау және қақтығыстарды шешу дағдылары. Осылайша, эмоционалды интеллекті дамыту инновациялар мен келіспеушіліктерді тиімді шешуге ықпал ететін инклюзивті ортаны қалыптастырудың негізгі факторларының бірі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Description
Citation
Туребаева Г.М., Абдина А.К., Уызбаева А.А. Эмоционалды интеллект және инклюзия мәселелерінің философиялық негіздері./ Г.М. Туребаева, А.К. Абдина, А.А. Уызбаева// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы. — 2025. — 30-т., 1(117)-шығ. — 364-374 б.