«Правда» газеті — 1937-1938 жж. саяси қуғын-сүргін тарихының дерек көзі
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
Мақалада «Правда» газеті 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін тарихының дерегі ретінде қарастырылған. Мерзімді басылымның құрылымына, жарияланған материалдардың мазмұнына талдау жасау, оларды формасы мен сипатына қарай топтастырып зерделеу негізінде «Правда» газетінің кеңестік қоғамда сталиншілдікті орнықтырудағы ақпараттық орны мен ықпалы ашылған. Баспасөздің сталиндік қуғын-сүргін саясатын капиталистік елдер қоршауындағы Кеңес Одағының қауіпсіздігін сақтаудың құралы ретінде ақтау және дәріптеудегі қарым-қатынас құралы қызметін
атқарғаны көрсетілген. Газеттегі ашық сот процестерінің материалдары соңғы жылдары жарық көрген құжаттар жинақтарындағы ресми деректермен және қуғын-сүргін тақырыбына арналған ғылыми еңбектермен, зерттеулермен салыстыра отырып зерделенген, айыпталушыларға тағылған айыптардың ақиқаттан алшақтығы айқындалған. Қоғамдық-саяси өмірді, қалың бұқараны сталиндік саясатқа бағындырып тәуелді етуде, кеңестік қоғам және шет елдерде қуғын-сүргін саясатының дұрыстығына сендіруде жағымды көзқарас, қоғамдық пікір қалыптастырудағы Орталық Комитеттің арнайы қаулылар арқылы газетті үгіт-насихат қаруына қалай айналдырғанына жан-жақты талдау жасалған. «Правда» газетінің кеңестік идеологияның мүддесіне қызметі, қуғын-сүргін науқанын іске асырудағы
рөлі, қосқан үлесі көрсетіліп, бүгінгі таңдағы отандық тарих ғылымындағы жаңа талаптар тұрғысынан баға берілген.
Description
Citation
«Правда» газеті — 1937-1938 жж. саяси қуғын-сүргін тарихының дерек көзі./ С.С. Касимова [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.— 2025. — 30-т., 1(117)-шығ. — 149-161 б.