Дипломатиялық құжаттардағы тәуелсіз Қазақстан тарихы (деректанулық талдау)
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
Тарих ғылымында тарихи деректермен жұмыс жасау — бұл тарихшының негізгі қызметі саналады. Тарихшылардың зерттеу жұмыстарындағы тарихи деректің рөлі мен алатын орны тарихнаманың негізіндегі зерттеулерді кеңейте түседі. Бұл әсіресе мемлекетаралық тарихты және халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат тарихын зерттеуге мүмкіндік беретін жаңа тарихи деректерді зерттеу барысында маңызды. Деректанудың бұл түрі дипломатиялық құжаттардың қазіргі кезең тарихының
жазба деректері ретіндегі маңызын жоғарлатады. Мақалада қазіргі кезеңдегі дипломатиялық құжаттардың көбеюі және олардың маңызының жоғарлауымен байланысты дипломатия саласындағы құжаттардың рөлі қарастырылған. Авторлар дипломатиялық құжаттар арқылы тарихты зерттеудің маңыздылығын дәлелдейді. Мақала тақырыбының өзектілігі жаһандану және интеграция кезеңіндегі
халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат тарихының дамуымен және мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өзара тәуелділігінің дамуымен байланысты. Тарихи деректану тұрғысынан алғанда дипломатиялық құжаттардың санының өсуі мен сапасының артуы нәтижесінде құжат ортасының дамуы жүруде. Мұның өзі тарихты тану мен зерттеу барысында дипломатиялық құжаттарды қолданудың жаңа тәсілдерін қолдануды және дипломатиялық тарихи құжаттардың жаңа жіктеулерін қажет етеді. Біздің пікірімізше, осы аталғандарды ескере отырып және қазіргі кезеңдегі Қазақстанның тарихын, халықаралық қатынастар мен дипломатия саласын зерттейтін тарихшылардың шығармашылық қуатын жетілдіру қажет.
Description
Citation
Дипломатиялық құжаттардағы тәуелсіз Қазақстан тарихы (деректанулық талдау)./Ж.Т. Джолдыбаев [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы. — 2025. — 30-т., 1(117)-шығ. — 112-121 б.