Жылу ағынын өлшеуге арналған құрылғылардың сезімтал элементі терможұптарды оңтайландыру

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Жылу ағынын өлшеуге арналған құрылғыларды әзірлеу үшін екі әртүрлі өткізгіштен тұратын терможұптар негізгі сезімтал элемент болып табылады. Терможұптар — температураны өлшеу үшін қолданылатын маңызды құрылғылар, олар әртүрлі ғылыми және техникалық зерттеулерде, сондай-ақ өнеркәсіптік қосымшаларда кеңінен пайдаланылады. Терможұптардың дәлдігін арттыру үшін олардың градуирлеуі қажет, яғни термоэлектр қозғаушы күшінің (термо-ЭҚК) температураға тәуелділігін анықтау керек. Осы зерттеу аясында мыс-константан типті терможұптар градуирленіп, температураның ауытқуларын дәл өлшеу үшін қажетті мәліметтер алынған. Мыс-константан жұбының термо-ЭҚК мәндері төмен температурада тұрақты және сенімді болатыны белгілі, бұл оны көптеген жағдайда қолдануға тиімді етеді. Сонымен қатар, мыс константан терможұпы 70°C-қа дейінгі диапазонда жақсы сезімталдыққа ие, әрі қолжетімді және арзан материал ретінде бағаланады. Зерттеу нәтижелері терможұптардың тиімді түрін таңдауға, оның ішінде мыс-константанның артықшылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Description

Citation

Сулейменова С.Е. Жылу ағынын өлшеуге арналған құрылғылардың сезімтал элементі терможұптарды оңтайландыру / С.Е.Сулейменова, П.Ә. Қисабекова // Қазіргі заманғы физика ғылымының инновациялық дамуы: жаңа тәсілдер мен өзекті зерттеулер. - Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті. – 2025. – 138-144б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By