TIO2 наноөзекшелеріне әртүрлі концентрациядағы күміс нанобөлшектерінің фотокаталитикалық белсенділігіне әсерін зерттеу
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Бұл жұмыста титан қостотығының наноөзекшелеріне күміс нанобөлшектерінің концентрациясының олардың фотокаталитикалық белсенділігіне әсерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Титан қостотығы наноөзекшелері гидротермалды синтез әдісімен алынды. Титан қостотығының наноөзекшелерінің бетіне күміс нанобөлшектері 0,5; 0,75; 1; 2 ммоль концентрацияда химиялық тұндыру әдісі арқылы енгізілді. Беттік морфологиясы зерттеулері күміс нанобөлшектерінің титан қостотығының наноөзекшелерінің бетіне біркелкі таралғанын көрсетті. Үлгілердің фотокаталитикалық белсенділігі фототок тығыздығы бойынша бағаланды.
Description
Keywords
Citation
TIO2 наноөзекшелеріне әртүрлі концентрациядағы күміс нанобөлшектерінің фотокаталитикалық белсенділігіне әсерін зерттеу/ Бердикалова А.К. [т.б.] // Қазіргі заманғы физика ғылымының инновациялық дамуы: жаңа тәсілдер мен өзекті зерттеулер. - Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті. – 2025. – 71-75б.