Виртуалды дискурстағы заманауи мифологемалардың көрінісі

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Зерттеуде жаңалықтар мақалаларына білдірілген интернет-түсіндірме мәтіндеріндегі мифологемалар талдауға түседі. Жұмыстың басты мақсаты цифрлық дискурстағы аксиологиялық аспектілерді негізге алу арқылы қазақстандық мифологемалардың интернет-түсіндірмелердегі жаңа рөлін тұжырымдау әрі ғылыми негіздеу болып табылады. Онда интернет-мифологемалардың мәдени құндылықтарды тасымалдаушы және ұлттық дискурсқа қатысушы ретіндегі рөлі теориялық қырдан барынша ашылады. Интернет-түсіндірмелерді зерттеу барысында материалды жинақтау және контекстік талдау әдістері, сипаттамалық және цифрлық есептеу әдістері, сондай-ақ аксиологиялық ерекшеліктерді анықтауға ықпал еткен мәтіндерді лингвомәдени және лингвоаксиологиялық талдау әдістерінің элементтері қолданылады. Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар мифологемалардың тарихи, мәдени және саяси сынды үш негізгі түрін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеудің жаңалығы цифрлық платформалардағы қазіргі заманғы контекстерге бейімделген, түрленген және сақталған мифологемалардың зерделенуінен көрінеді.

Description

Citation

Ерғалиев Қ.С. Виртуалды дискурстағы заманауи мифологемалардың көрінісі/Қ.С. Ерғалиев, С.Ж. Ерғалиева, М.А. Уайханова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №1. 98-111 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By