Кәсіпкерлердің құқықтарын сот арқылы қорғау мәселелері
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Акад. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақала Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлердің құқықтарын сот арқылы қорғауды талдауға
арналған. Сот арқылы қорғау құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген
негізгі құқықтардың бірі. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кәсіпкерлерді сот арқылы қорғаудың
маңызы зор, өйткені бұл олардың мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілердің заңсыз
әрекеттерінен қорғау құқығын ғана емес, сонымен қатар нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік
қызметтің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Зерттеу жұмысының өзектілігі кәсіпкерлер тарапынан
ұзақ мерзімді сот процестеріне, соттардың шамадан тыс жүктелуіне, сот шешімдерін орындау
мәселелеріне, сондай-ақ құқықтық сауаттылықтың төмен деңгейіне қатысты өсіп келе жатқан сынмен
байланысты. Мақаланың мақсаты Қазақстандағы кәсіпкерлердің құқықтарын сот арқылы қорғау
мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын табу. Зерттеудің міндеттері құқықтық ережелерді
талдау, сот тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет үшін құқықтық ортаны жақсарту
бойынша ұсыныстар әзірлеу. Жұмыста дауларды шешудің баламалы әдістерін жетілдіруді,
кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруды және тұтастай алғанда сот жүйесін жетілдіруді
қоса алғанда, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға байланысты негізгі мәселелер қарастырылған.
Зерттеу нәтижелері тәжірибелік құндылыққа ие және құқық қорғаушыларға, кәсіпкерлермен өзара іс
қимыл жасайтын мемлекеттік органдарға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне қызықты
болуы мүмкін. Олар бизнес ортасын жақсартуға және құқықтық қорғауды күшейтуге ықпал ете алады.
Description
Citation
Асетова Г.Б. Кәсіпкерлердің құқықтарын сот арқылы қорғау мәселелері / Г.Б. Асетова , Г.А. Ильясова // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Құқық» сериясы. — 2025.— 30-т., 1(117)-шығ. — б. 130-138