География пәніндегі қорытынды бақылау түрлері мен олардың ҰБТ форматына сай ерекшеліктері.
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
Бұл мақалада география пәнінде қолданылатын қорытынды бақылау түрлері және олардың Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) форматына сәйкестігі қарастырылған. Тестік бақылау, практикалық тапсырмалар, жобалық жұмыстар және ауызша сұрау әдістерінің ерекшеліктері мен олардың оқушыларды емтиханға дайындаудағы рөлі талданады. Сондай-ақ, бақылау әдістерін ҰБТ талаптарына бейімдеудің тиімді тәсілдері ұсынылады. География – оқушылардың кеңістіктік ойлауын, табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты түсінуін дамытатын негізгі ғылымдардың
бірі. Оқу бағдарламасының бұл пәнге арналған бөлімдері оқушылардың теориялық білімін ғана емес, практикалық дағдыларын да қалыптастыруды көздейді. Қорытынды бақылау географияны оқытуда оқушылардың білім деңгейін бағалаудың негізгі құралы ретінде маңызды рөл атқарады. ҰБТ-нің стандартталған форматы география пәніндегі қорытынды бақылауды нақты талаптарға сай жүргізуді
қажет етеді.
Description
Citation
Талжанов С.А., Аманжолов А.И., Болатов А. География пәніндегі қорытынды бақылау түрлері мен олардың ҰБТ форматына сай ерекшеліктері./ С.А.Талжанов, А.И.Аманжолов, А.Болатов // Биология мен экологияның өзекті мәселелері=Актуальные проблемы биологии и экологии = Current problems of biology and ecology: Республ. ғыл.— тәжір. конф. материалдары (15 қаңтар 2025 ж.): ғыл. электр. бас.. — 2025.— б. 232-237