«Бабырнама» жазба мұрасындағы мәтін байласымы
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
Тарихи және өмірбаяндық мәтіндер сол дәуірдің бейнесін, тұлғаларын, болған оқиғаларын суреттейді. Автор осы сипаттағы еңбектерді жазғанда өз ойларын субъективті және объективті шындықпен алмастырып келтіреді. Мәтінін түзгенде белгілі бір логикалық, жүйелілік, үйлесімдік байланысты сақтауға
тырысады. Дәл осы тұрғыдан келгенде берілген мақаланың мақсаты — «Бабырнама» жазба мұрасындағы мәтін байласымын жүзеге асыратын құралдарды анықтап, олардың берілу жолдарын нақты мысалдар мен дәйектемелер арқылы келтіру. Сонымен қатар Бабырдың жазған мәтініндегі мағыналық бірізділік, тұтастық пен шынайы оқиғалар желісінің сипатталуы, көлемді және шағын
мәтін ішіндегі сөйлемдер арасындағы байласым, мәтінаралық байласымның жаңа ойдың абзац арқылы танылатындығы қамтылады. Талданып отырған сөйлемдердің сол кезеңге тән ерекшелігі мен авторлық қолданысы көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде «Бабырнама» жазба мұрасының үш бөлімі бойынша мәтіндер тілдік талдауға алынып, мысалдардың қазақша аудармасы арқылы қазіргі қазақ
тіліндегі мәтін байласымымен салыстырыла, Бабыр қолданған тілдік қолданыстар мен байласым құралдары атап өтілген.
Description
Keywords
баяндаушы, мәтін байласымы, байласым тәсілдері, авторлық көзқарас, мазмұн құрылымы, рассказчик, связность текста, средства cвязности текста, авторская позиция, структура содержания, письменное наследие, письменное наследие «Бабур-наме», Бабур-наме, Cohesion of the text, Cohesion, text, written heritage of «Baburnama», Baburnama, narrator, text coherence, means of text coherence, author's position, content structure
Citation
Данияр Ә.А., Кенжалин Қ.К. «Бабырнама» жазба мұрасындағы мәтін байласымы/ Ә.А. Данияр, Қ.К. Кенжалин //Қарағанды университетінің хабаршысы. «Филология» сериясы. — 2024.— 29-т., 4(116)-шығ. — б. 57-67