Ер мен әйел әңгімелесулеріндегі сөзді бөлу құбылысы: қазақ тілді подкастар негізінде

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті

Abstract

Кейінгі жылдары коммуникациядағы үстемдік тақырыбы әлеуметтік лингвистикалық зерттеулердің өзекті мәселесі ретінде қарастырылуда, өйткені бұл — сөйлеу мінез-құлқының сценарийлерін анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қоғамда сөйлеу мінез-құлқының гендерлік стереотиптермен тікелей байланысы бар, сондықтан әңгімелесудегі үстемдіктің де гендерлік негізі бар. Аталмыш мақалада әңгімелесу барысында қай жыныстың үстемдік ететіні, үстемдігін көрсетуде қандай тәсілдер қолданатыны, соның ішінде сөзді бөлудегі ерекшеліктеріне қатысты мәселелер қамтылған. Зерттеу мақсаты — қазақ тілді подкастар негізінде ер мен әйел әңгімелесулеріндегі сөзді бөлу құбылысын талдау. Зерттеудің нысаны — қазақша ауызекі сөйлеу тіліндегі ерлер мен әйелдердің сөзді бөлу құбылысының көріністері. Зерттеу материалы — авторлар транскрипциялаған әлеуметтік желідегі қазақ тілді подкастардың жазбалары. Зерттеуде, алдымен, тіл біліміндегі сөзді бөлу құбылысына қатысты ғылыми зерттеу тұжырымдарына сараптамалық шолу жасалды. Қазақ тілді ер мен әйел әңгімелесулеріндегі сөзді бөлу құбылысының өзіндік ерекшеліктері айқындалды: әйелдерге қарағанда ерлердің сөзді жиі бөлетіні анықталды; сөзді бөлуде ерлердің үстемдігі және сөйлеу барысын бақылауы айқын екені дәлелденді; ер мен әйелдің сөзді бөлудегі мақсаттары әртүрлі екені айқындалды; қазақ сөйлеуінде сөзді бөлудің ұлттың мәдениетімен де байланысы негізделді.

Description

Citation

Сәрсеке Г.Ә., Сентірбек Ж.Қ. Ер мен әйел әңгімелесулеріндегі сөзді бөлу құбылысы: қазақ тілді подкастар негізінде / Г.Ә. Сәрсеке, Ж.Қ. Сентірбек//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Филология» сериясы. — 2024.— 29-т., 4(116)-шығ. — б. 34-44

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By