Steam-технологиялары бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың құралы ретінде

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Қазіргі білім беру процесін STEAM жағдайында ұйымдастыру мәселесі өзекті зерттеулердің бірі. Зерттеудің өзектілігін айқындауда «Білім туралы» Заң мен Ұлттық білім академиясының ұсынған әдістемелік ұсынымдарында қарастырылған интеграцияланған білім беру бағдарламалары, шығармашылықты қамтитын пәнаралық байланысқа негізделген мәселе талданды. Сонымен қатар, «шығармашылық іс-әрекет», «STEAM-білім беру» ұғымдарын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне шолу жасап, «STEAM-технологиясы арқылы шығармашылық іс-әрекет» ұғымына авторлық анықтама ұсынылды. Мақаланың мақсаты — STEAM-технологияларын (ғылым, технология, инженерия, өнер, математика ғылымдарын пәнаралық интеграцияда оқыту) бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың құралы ретінде қарастыру. Тәжірибелік-эксперименттік зерттеуге № 49 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының арасынан таңдап алынды. Іріктеу сыныбына 2 «А» және 2 «Б» сынып оқушылары алынды. Екі сыныптың бірі — бақылау сыныбы (2 «А»), екіншісі — тәжірибелік сынып (2 «Б»). Сондай-ақ, тәжірибелік-экспериментке қатысқан оқушылардың демографиялық сипаттамасы ұсынылды. Зерттеудің анықтау кезеңінде «Шығармашылықтың өзін-өзі бағалауы» атты диагностикалық әдістеме жүргізілді. Қалыптастыру кезеңінде І және ІІ тоқсан аралығында STEAM-білім беру жағдайында шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыруға бағытталған сабақтан тыс жұмыстар жоба («Қағаздың сыры», «Ұшақ жасау», «Жасанды және табиғи заттардан бұйым жасау», «Ғарышкемесі» және т.б.) түрінде ұйымдастырылды. Зерттеу нәтижесінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бақылау кезеңіндегі көрсеткіштері қалыптастыру кезеңінде ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижелі болғандығын көрсетті. Демек, жоба түрінде ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігі дәлелденді деуге негіз бар.

Description

Citation

Steam-технологиялары бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың құралы ретінде / Касимова М.А. [т.б] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Педагогика» сериясы. — 2024. – Vol.29. – № 3(115). – б. 159-167.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By