Ақпараттық қауіпсіздікті оқытудағы педагогикалық тәсілдердің тиімділігін бағалау
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада заманауи цифрлық әлемде деректер мен ақпараттық қауіпсіздік маңызды мәселе болып
отырғаны көрсетілген. Авторлар адамдарды ақпараттық қауіпсіздік ережелері мен шаралары туралы
оқыту қажеттілігі өзекті мәселе екендігін қарастырған және осы жерде педагогикалық тәсілдер басты
рөл атқаратындығын атап өткен. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды белсенді
пайдаланудың нәтижесінде білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздігінің дамуына мүмкіндік беретін
әр түрлі педагогикалық тәсілдер бар. Мақалада бұл тәсілдердің тиімділігін бағалау ақпараттық
қауіпсіздікті оқыту процесі үшін маңызды екені айтылады. Ақпараттық қауіпсіздікті оқытудағы
әртүрлі педагогикалық тәсілдердің тиімділігін зерттеу үшін авторлар сараптамалық бағалаулар,
студенттер мен мұғалімдерден сауалнамалар, оқу үдерісін бақылау, сонымен қатар тест нәтижелеріне
талдау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ дәрістер, практикалық жаттығулар, топтық талқылаулар,
интерактивті онлайн курстар және ойынға негізделген тәсілдер сияқты оқытудың әртүрлі әдістері
талқыланған. Алынған деректер ақпараттық қауіпсіздікті оқытудың ең тиімді тәсілдерін анықтауға,
сондай-ақ осы саланы одан әрі жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.
Description
Citation
Жиенбаева С.Н. Ақпараттық қауіпсіздікті оқытудағы педагогикалық тәсілдердің тиімділігін бағалау/С.Н. Жиенбаева, О.Т. Тезекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2024. №2. 48-59 б.