Эксперимент барысында болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Ғылыми зерттеудің кезеңдерінің бірі педагогикалық эксперимент болып саналады. Мақалада өткізілген эксперимент нәтижелерін талдай отырып, оның мақсаты бойынша гипотезаны тексеру әдістемесі сипатталған. Оқушылардың әдістемелік құзыреттілігін дамыту жұмыстары бойынша экспериментті жүргізу әдістемесі ұсынылған және желілік қауымдастықтар бойынша эксперименттік жолмен математиканы оқытудың тиімділігі, болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру деңгейіне баға берілді. Сонымен қатар, желілік қауымдастықта математикалық құрылымдарды меңгеру барысында болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзыреттілігін дамыту заңдылықтары көрсетілген. Педагогикалық эксперимент жүргізудегі басты мақсат — онлайн режимінде оқу іс-әрекетіне сүйене отырып, математикалық құрылымдарды оқыту кезінде болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау. Эксперименттік зерттеу барысында әдістемелік құзыреттілік қалыптасу деңгейінің келесі критерийлері таңдалды: құндылық-мотивациялық (жетекші мотивтер); когнитивтік (әдістемелік білімнің қалыптасу дәрежесі); тәжірибелік-бағдарлы (әдістемелік дағдылар мен қызмет әдістерінің қалыптасу дәрежесі); коммуникативті (коммуникациялық дағдыларды меңгеру дәрежесі) және рефлексивтік (рефлексиялық дағдыларды қалыптастыру дәрежесі). Таңдалған критерийлерді талдау желілік өзара әрекеттестік контексінде математика мұғалімінің әдістемелік құзыреттілігін дамытудың үш деңгейін анықтауға мүмкіндік берді: элементарлы (репродуктивті), функционалдық (шығармашылық белсенділік элементтері бар репродуктивті) және жүйелік (жеке-шығармашылық).

Description

Citation

Нургалиева А.С. Эксперимент барысында болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау/А.С. Нургалиева, A.Ж. Сейтмуратов, С.Қ. Меңліхожаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2024. №2. 14-26 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By