ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар: тарихы және мәселелері
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Тарихшылардың Кеңес мемлекетінің ұлттық саясатына және этносаралық қатынастарға деген қызығушылығы Отан тарихының барлық кезеңдерінде байқалады. Мақаланың мақсаты —Қазақстандағы Кеңес мемлекетінің ұлттық саясатын кешенді талдау, этносаралық қатынастардағы мәселелерді анықтау. Осыған сүйене отырып, мақалада революцияға дейінгі Қазақстан аумағындағы этносаралық қатынастар дағдарысының себептері қарастырылған, авторлар қазақ зиялыларын қазақтардың этникалық топтасуы мен қазақ халқының байырғы мүдделерін қорғау үшін күреске итермелеген факторларды ашады. Проблематиканы зерттеу барысында авторлардың назарында Қазақстанда тұратын халықтар, олардың этносаралық қатынастардағы топтық көзқарастары болды. Қазақтар мен орыстар, сондай-ақ жекелеген этникалық аз халықтар арасындағы қатынастар қарастырылды.
Description
Citation
Мулдахметова Ж.И. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар: тарихы және мәселелері/Ж.И. Мулдахметова [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №2.