Қазақстандағы гендерлік мәселелерді еңсеру мүмкіндіктері (тарихи аспект)

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Көтерілген мәселе Қазақстанның бүгінгі дамуы жағдайында өзекті, өйткені консервативті ұстанымдарға берік қазақ қоғамында гендерлік теңдікті орнату біршама қиындық туғызады. Алайда елдің әлемдік қоғамдастыққа енуі, шет елдермен белсенді қарым-қатынас орнатуы қоғамдағы гендерлік теңгерімсіздікті одан әрі елемеу мүмкін емес екендігін көрсетті. Қазақстан 1995 жылы Бейжіңде Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйымдастыруымен өткен IV Әйелдер мәселелері жөніндегі Дүниежүзілік конференцияға қатысқаннан кейін, елде гендерлік теңдікті орнату жоспары белсенді түрде жүзеге асырыла бастады. 1995 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөніндегі кеңесті құрды. Республикада әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары әзірленді. Қойылған міндеттер жоспарлы түрде іске асырылып жатқанға қарамастан, кейбір қызмет салаларында гендерлік теңдік әлі де қойылмаған. Бірақ бұл жағдай әйелдің қоғамдағы және отбасындағы орны мен рөлі туралы ұлттық стереотиптерге қайшы емес. Автордың ойынша, қазақтардың дүниетанымындағы осы стереотиптер мемлекеттің қазақстандық қоғамда гендерлік теңгерімді орнату жөніндегі жоспарларын толық іске асыруына кедергі келтіреді. Зерттеу барысында осы ойды түйіндеу үшін әр тарихи кезеңде әйелдердің қазақ қоғамындағы орнын анықтау, сипаттау, халық санасында әйелге деген көзқарастың эволюциясын көрсету және оған әсер еткен факторларды анықтау міндеттері қойылды. Аталған міндеттерді іске асыру арқылы бүгінгі Қазақстанда гендерлік мәселелердің шешілу мүмкіндіктерін және жолдарын анықтау мақсаты көзделді.

Description

Citation

Абдыкулова Г. Қазақстандағы гендерлік мәселелерді еңсеру мүмкіндіктері (тарихи аспект)/Г. Абдыкулова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №2. 7-18 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By