Модальдық бірліктердің морфосинтаксистік аспектісі
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақала қазақ тіл біліміндегі модальдылық мәселесін морфосинтаксистік тұрғыдан тарқатқан.
Авторлар мақалада әлемдік деңгейлі ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, модальдық санаттың әр
жақтылығын айқындау мақсаты қойылған. Нәтижесінде, тіл біліміндегі, оның ішінде қазақ тіліндегі,
модальдық бірліктер түгенделді, олардың мағыналық сипаты, құрылымы мен жасалу жолы жаңаша
көзқараспен жеткізілген. Әсіресе, ізденушілердің «есепті» сөзін тілдік қатарға тартып, оның
модальдық бейнесін жасақтауы мақаланың ғылыми жаңалығы деп тануға көмектеседі. Мақаланың
практикалық құндылығын М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы, І. Есенберлиннің «Көшпенділер»
трилогиясы, Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романы сынды классикалық шығармалардан жинақталған
мысалдар мен олардың салыстырмалы кестесі арқылы жасақтау айқындайды. Ал зерттеу әдістері
ретінде осы мысалдарды жинақтау мен сұрыптау; қазақ тілі мен басқа тіл біліміндегі ғылыми
тұжырымдарды саралау әрі бекіту және оларды теориялық тұрғыдан талдау саналады. Орыс, жалпы
түркі және қазақ тіл білімдеріндегі ғылыми-теориялық тұжырымдар мен пікірлер тақырыпқа
тартылған мәселенің салыстырмалы және салғастырмалы әдіс арқылы да ажыратылғанын көрсетеді.
Description
Citation
Жунусова М.Б. Модальдық бірліктердің морфосинтаксистік аспектісі/М.Б. Жунусова [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2024. №1. 65-72 б.