Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету бойынша Еуропа елдерінің тәжірибесіне салыстырмалы талдау

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Балалардың құқықтарын басымдықпен қорғауды талап ететіндердің қатарына олардың ақпараттық қауіпсіздікке, яғни қоғам мен мемлекет тарапынан балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе олардың қалыпты моральдық, рухани, психикалық және физикалық дамуына зиян келтіруі мүмкін ақпарат түрлерінен қорғауды қамтамасыз ету құқығы жатады. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету — бұл күрделі және серпінді міндет болып табылады, ол тек тиісті заңнамалық қамтамасыз етуді ғана емес, сонымен бірге қоғамды кеңінен тартуды, технологиялық дайындықты, сондай-ақ жаңа сын- қатерлер мен мүмкіндіктерге үнемі талдау мен бейімделуді талап етеді. Мақалада Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Германия, Франция мысалында заңнамалық актілерге, стратегиялар мен тәжірибелерге салыстырмалы талдау жасалған. Авторлар балалардың ақпараттық қауіпсіздігін реттеу тәсілдеріндегі жалпы тенденциялар мен айырмашылықтарды атап өткен, жекелеген Еуропа елдерінің алдында тұрған табысты тәжірибелер мен қауіпті жағдайларды анықтаған. Онлайн ортадағы қауіптерді азайтуға және балалардың дамуы үшін қауіпсіз кеңістік құруға бағытталған құқықтық құралдар мен шаралардың тиімділігіне басты назар аударылған. Салыстырмалы әдісті және жалпы талдау мен жалпылаудың ғылыми әдістерін қолдана отырып, шет мемлекеттерде балаларды цифрлық кеңістікте қорғау бойынша қолданыстағы шаралардың ерекшеліктері, тенденциялары, тәсілдері мен тиімділігі анықталды. Жүргізілген зерттеудің нәтижелері Қазақстан Республикасында балалардың ақпараттық қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша авторлар ұсынған ықтимал шаралар болды.

Description

Citation

Акимжанова М.Т. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету бойынша Еуропа елдерінің тәжірибесіне салыстырмалы талдау/М.Т. Акимжанова, Т.С. Тілеп//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2024. №1. 147-156 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By