Қазақстандық құқықтық менталитет және құқықтық нигилизм

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Қазіргі қазақстандық қоғамда құқықтық мәдениет және құқықтық сананы жетілдіру құқықтық шынайылылықтың өзекті мәселелерінің біріне айналды. Сонымен қатар, құқықтық нигилизм сұрақтары да алаңдатушылық тудыруда. Мақала қазақстандық қоғамдағы құқықтық менталитет, құқықтық нигилизм, құқықтық мәдениет және құқықтық сана мәселелерін зерделеуге арналған. Мақалада құқықтық менталитеттің ұғымы, оның құқықтық нигилизм ұғымымен өзара байланысы мен әсері қарастырылды. Құқықтық менталитет құбылысын және оның құқықтық нигилизммен байланысын зерттеудің қажеттілігі қазақстандық қоғамдағы құқықтық мәдениет, құқықтық сананы жаңа деңгейге көтеруде маңызды рөл атқаратындығымен негізделеді. Осы орайда құқықтық нигилизм заң билігі мен үстемдігін қамтамасыз етудегі мемлекет және қоғам тарапынан атқарылып жатқан талпыныстар мен қадамдардың әсерін жоққа шығарады. Алайда, құқықтық мәдениет және құқықтық сананы қалыптастыратын тұлға мен қоғамның ментальдық ерекшеліктерін есепке алмай мүмкін емес. Кез келген қоғамның сипаты оның мүшелерінің құқықтық санасы мен мәдениетінің деңгейімен айқындалады. Құқықтық менталитетті зерделеу және оны түсінуді жаңа деңгейге көтеру, тұтастай қоғам және тұлғаның құқыққа деген оң қарым қатынасын қалыптастыруға және құқықтық нигилизмнің себеп салдарын түсінуге, онымен күресуде оңтайлы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Осыған орай, құқықтық нигилизмді зерделеу және оны еңсеру, құқықтық сана, құқықтық мәдениет және құқықтық менталитет мәселелерімен тығыз байланыста, қоғамдағы азаматтардың ментальдық ерекшеліктерін, олардың ортақ қалыптасқан құндылықтар жүйесін ескере отырып, кешенді түрде қарастырылуы қажет. Зерттеу нәтижесі ұлттық құқықтық жүйенің қазіргі жағдайын саралау, қазақстандық құқықтық менталитет және құқықтық нигилизмді бүгінгі тұрғыдан анықтау мен зерделеу, терең түсіну бағыттары мен шараларын әзірлеу.

Description

Citation

Бакиров Д.Ә. Қазақстандық құқықтық менталитет және құқықтық нигилизм/Д.Ә. Бакиров, Н.Д. Мырзатаев//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2024. №1. 45-53 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By