Қазақстанның орта білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын PISA 2015 оқушылардың әл-ауқаты деректері бойынша жетілдіру

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақсаты: PISA (Program for International Student Assessment ― Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы) деректеріне сүйене отырып, факторлық талдау арқылы оқушылардың әл-ауқатының детерминанттарының баса назар аударылатын шоғырлануы бойынша орта білім беру жүйесін жергілікті және мемлекеттік реттеу саясаттарына қатысты жетілдіру. Бұл зерттеу негізінен PISA 2015 халықаралық тәжірибесін зерттеу арқылы студенттердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Сол себепті PISA 2015 деректері студенттердің әл-ауқатының әртүрлі қырларына назар аударатын сан қилы деректерді қамтиды (PISA 2015, Volume III). Осы сұрақтар негізінде 46 айнымалы қарастырылды. Сонымен қатар PISA 2015 нәтижелері негізінде қазақстандық сарапшылар талдаулары деректер көзі болып саналады. Әдісі: PISA 2015 есебінен корреляциялық талдау үшін барлық айнымалы таңдалған. Жоғары корреляциялық факторларын жою арқылы айнымалылар саны азайды. Факторлық талдау оқушылардың әл- ауқатына жоғары әсер ететін көрсеткіштердің қысқаша тізімін анықтады. Қорытынды: PISA 2015 деректері оқушылардың әл-ауқатының әртүрлі қырларына назар аударатын алуан сұрақтарды қамтиды. Жалпы оқушылардың әл-ауқатының негізгі детерминанттары туралы алдыңғы зерттеулер орта білім беру үшін назардан тыс қалып отыр. PISA 2015 халықаралық деректеріне негізделген оқушылардың әл-ауқатының детерминанттарының қысқаша тізімі Қазақстандағы білім беру саласындағы саясаткерлер тарапынан дұрыс бақылауды ұсынатын негізгі мәселелерді айқындайды. Тұжырымдама: PISA 2015 халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстандағы оқушылардың әл-ауқатын жақсарту үшін қажетті әрекеттер туралы ұсыныстар мүдделі тараптарға бағытталған. Осы зерттеу халықаралық тәжірибеге негізделген негізгі детерминанттарды ашу үшін кең ауқымды деректерді зерттейді. Нәтижесінде, оқушылар әл-ауқатының негізгі көрсеткіштері ретінде қабылдау үшін осы зерттеуде келесі бес детерминант анықталды: 1-Дене белсенділігі; 2-Жалпы жағдайлар; 3-ISCED 2, ISCED 3 Халықаралық тәжірибеде ISCED (Білім берудің халықаралық стандартты классификациясы) 2 немесе 3 және олардың айырмашылықтары оқушылардың әл-ауқатының детерминанты ретінде топтастырылған; 4-қала/ауыл; 5-жеке-мемлекеттік мектеп түрі. Жеке және мемлекеттік мектептердің айырмашылығы студенттердің әл-ауқатының түпкілікті анықтаушысы болып табылады. Олардың айырмашылығын дұрыс бақылау керек.

Description

Citation

Қазақстанның орта білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын PISA 2015 оқушылардың әл-ауқаты деректері бойынша жетілдіру/ Ілиясов Д.Қ. [et al.] // Вестник Карагандинского университета. Серия «Экономика». — 2023. — № 4(112). — 229-236с.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By