Бәсекелестік тенденцияларын салыстырмалы талдау үшін мәтінді интеллектуалды талдау технологиясын қолдану
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақсаты: Мақаланың негізгі мақсаты Python-да мәтінді интеллектуалды талдау бағдарламасын құру және қолдану арқылы ғалымдардың жұмысындағы бәсекелестіктің оң және теріс тенденцияларын, сондай-ақ тиісті траекторияларын
анықтау. Әдісі: Зерттеуде мәтінді өңдеудің заманауи әдістері, атап айтқанда мәтінді интеллектуалды талдау қолданылған. Сонымен қатар Python бағдарламалау тілі мен MS Excel бағдарламалық жасақтамасы және Wiley Online Library кітапханасының ресми сайтындағы деректер пайдаланылған. Қорытынды: Заманауи технологиялардың, интернет-қосымшалардың қарқынды дамуы үлкен көлемдегі деректерді шығарумен қатар жүреді, оларды уақтылы өңдеу бүгінде өмірдің әртүрлі салаларындағы — әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқалардағы басты мәселелердің бірі. Осы жаһандық мәселені шешуде мәтіндік ақпаратты өңдеудің заманауи әдістері, мәтінді интеллектуалды талдау технологиялары көмекке келеді. Бұл құралдар әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мәтінді интеллектуалды талдау технологиясына енгізілген алгоритмдер
мәтіннің негізгі ұғымдарын, оның мазмұнын және олардың арасындағы байланысты ашады. Тұжырымдама: Соңғы 30 жылда жазылған еңбектерде ғалымдар негізінен нарық, баға, зерттеу, шығармашылық, өнеркәсіп және т.б. мәселелерді көтергенін анықтадық. Сондай-ақ тұтынушыларды, инновацияларды және өнімдерді зерттеу айтарлықтай өсті. Ең үлкен өсім 1993–1998 жылдардағы жинақта небәрі 11 рет кездескен платформа сөзімен байланысты болды, бірақ 2019–2023 жылдардағы жинақта дәл осы сөз 4199 рет қолданылды, яғни бұл 38,000 %–дан астам
өсуді көрсетті.
Description
Keywords
Citation
Бәсекелестік тенденцияларын салыстырмалы талдау үшін мәтінді интеллектуалды талдау технологиясын қолдану/ ШуренТ.K. [et al.] // Вестник Карагандинского университета. Серия «Экономика». — 2023. — № 4(112). — 213-228с.