Қазіргі геосаяси жағдайда логистикалық қатынастарды қалыптастыру тиімділігі, мәселелері және оларды құқықтық реттеу

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті КЕАҚ баспасы

Abstract

Мақаланың мақсаты ― Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетінің экономикалық және құқықтық аспектілерін зерттеп, мемлекетке оның экономикалық тиімділігі мен оны құқықтық реттеу тетіктерінің мүмкіндіктерін айқындау. Сонымен қатар ғылыми зерттеудің іргелі және қолданбалы, құқықтық салыстыру, құқықтық статистикалық, жүйелік, логикалық, функционалдық әдістері қолданылған. Авторлар Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін анықтаудың басты бағыттары мен құқыққолдану тәжірибесін дамытуды және шетелдік тәжірибелерді зерттеп, тиімді экономикалық және құқықтық тетіктер енгізу үшін Қазақстанның заңнамасындағы құқықтық негіздерді қарастырған. Еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту арқылы отандық экономикаға пайда әкелуге негіз болған мән-жайларды зерттеу арқылы олардың дамуына ыңғайлы мүмкіндік беретін заңды жағдай қалыптастыру тетіктері мен бағыттары зерттелген. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның көлік- транзиттік әлеуетін дамыту арқылы мемлекетке келетін қыруар пайда табу үшін еліміздің аумағы арқылы өтетін халықаралық көліктік дәліздерді дұрыс әрі тиімді пайдалануды реттейтін құқықтық негіздер құру қажет деген тұжырымдама жасалған. Көлік-транзит әлеуетін дамытуда тиімсіз құқықтық тетіктер құқықтық нормалардың қолданылуына мүмкіндік бермейді. Сол себепті Қазақстанның халықаралық жүк тасымалына қызмет ететін логистикалық қатынастарды құқықтық реттеу негіздерін түпкілікті қарастырып, осы бағыттағы ғылыми зерттеу жүргізуге ерекше назар аудару дәл қазіргі кезеңде өте маңызды. Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамыту үшін жасалып жатқан мемлекеттік шаралардың жүзеге асырып, нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық дамуға негіздер жасалуы зерттеудің тәжірибелік маңызы болмақ. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін толық пайдалану үшін халықаралық жүк тасымалдауға логистикалық қызметтер көрсету саласындағы қатынастарды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Description

Citation

Токатов Р.А. Қазіргі геосаяси жағдайда логистикалық қатынастарды қалыптастыру тиімділігі, мәселелері және оларды құқықтық реттеу/Р.А. Токатов, А. Сабыржан//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2023. №4. 76-87 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By